"Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация үйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң басшылары және мамандары лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 20

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 13 қыркүйектегі N 204 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 17 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4428 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 05 мамырдағы № 253 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 6, 49-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесінде:
      4-тармақтың соңғы абзацы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      "10-1. Тексеру қорытындысы бойынша іс-қағаз макеті ресімделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа өтемақы төлеу фактісі анықталған жағдайда, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматты тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі