Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 129 Қаулысымен.
____________________Бұйрықтан үзінді____________________
Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ...
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 213
қаулысының
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4427 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. ...
1) ...
2) ...
5. ...
6. ...
Төрайым Е. Бахмутова
________________________________________
"Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
12-бабының 11) және 14) тармақшаларына, "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
37-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы", "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестіктеріне, инвестициялық портфельді басқарушыларға жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 23 қыркүйектегі
N 213 қаулысымен бекітілген
Жылжымайтын мүлік қорларының құрамындағы
қаржы құралдарының тізбесі
1. Мынадай халықаралық ұйымдар айналысқа шығарған бағалы қағаздар:
Еуропалық қайта құру және даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Азия даму банкі;
Африка даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Ислам даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі.
2. Шет мемлекеттердің бағалы қағаздары және кредиттік рейтингтің "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес халықаралық шәкіл бойынша шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар мемлекеттердің қаржы агенттіктердің агенттік облигациялары.
3. "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар резидент еместердің бағалы қағаздары.
4. "ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ва2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес, немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzA" рейтинг бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының бағалы қағаздары.
5. Бағалы қағаздары айрықша жоғары санат бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген немесе "А" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар еншілес резидент банктер болып табылатын сабақтас резидент емес банктердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары.
6. Жылжымайтын мүлік қорының акциялары және еншілес ұйымдардың жарғы капиталдарындағы қатысу үлесі.
7. Осы тізбеде көрсетілген қаржы құралы базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды хеджирлеу мақсатында сатып алынған.