"Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы" нұсқаулықты және "Ішкі істер органдарында алынып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, о

Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 12 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4393. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының  6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы"  Заңының  25-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" N 281  қаулысына , облыстық ономастика комиссиясының 2006 жылғы 19 сәуiрдегi қорытындысына сәйкес және Куйбышево ауылы тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ қабылдады: 
      Ақсу қаласының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Ақсу қаласы Ақжол ауылдық округiндегi Куйбышев ауылының атауы Ақжол ауылы болып өзгертiлсiн.
      Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

       Сессия төрағасы Р. Ғафуров

      Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов