Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсыну жөніндегі қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 10 тамыздағы N 198-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4356. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 417-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 6 маусымдағы N 131 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 23-24, 228-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердiң тиiстiк нормативiнде:

      реттiк нөмiрi 2-жолдың 3-бағанындағы "Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы" деген сөздер "Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.02.06. N 108 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі