Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру турал

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 141 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 13 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4293

       Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы  N 934  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 шiлдедегi N 667  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 28, 275-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау  ережесiнде :

      1-тармақтағы ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;

      7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;

      9-тармақтың 2) тармақшасындағы "осы Ереженiң 4-8-тармақтарында көрсетiлген" деген сөздер "осы Ереженiң 4-6-тармақтарында көрсетiлген" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі