Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2005 жылғы 26

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 123 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4273. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 223 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы  N 223  (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
__________________________________

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабы 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына,  45-баптың  4-тармағына,  49-бабына  және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  9-бабы 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 412  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3995 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережеде:
      4-тармақта:
      1) тармақшада:
      үшінші абзацтағы "екінші деңгейдегі банктердің" деген сөздер "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші-алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;
      "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша;
      бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "16-1) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, бағалы қағаздар орталық депозитарийінің және акционерлері бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын өзге заңды тұлғалардың ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, елу процентке азайтылған акциялары;";

      22-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      2-қосымшада:
      "Ұйым инвестицияларының жиынтық мөлшерінің мәндері" кестесінде:
      1-жолда "астамын" деген сөз "кемін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-жолда:
      "астам емес" деген сөз "кем" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "акцияларының" деген сөздің алдынан "дауыс беруші" деген сөзбен толықтырылсын;

      жетінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Осы тармақшаның қолданылуы кредиттік бюролардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ акциялардың мемлекеттік пакеті (қатысу үлестері) "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг" акционерлік қоғамына берілген өзге заңды тұлғаларға және акциялардың мемлекеттік пакетін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамына берілген заңды тұлғаларға қатысты болмайды.";

      мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      "Егер ұйым банктің ірі қатысушысы белгісіне абайсыздан сәйкес бола бастаса, оған банктің ірі қатысушысы белгісіне сәйкес болу фактісі анықталған сәттен бастап алпыс күн ішінде зейнетақы және өзінің меншікті активтерінің есебінен сатып алынған осы банктің акцияларын сату қажет болады.":

      4-қосымшада:
      "(күнтізбелік жылды санмен белгілеу) жылғы (айдың аты)-дағы (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ілік септігіндегі қысқаша атауы) инвестициялық басқаруындағы (жинақтаушы зейнетақы қорының ілік септігіндегі қысқаша атауы) зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны туралы анықтама" кестесі мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:

Бір күнде есептелген зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс

17

  

      "(күнтізбелік жылды санмен белгілеу) (3) жылғы (айдың аты)-дағы бір шартты бірліктің орташа құны:" деген абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "номиналды кіріс коэффициенті К 2 ";

      5-қосымшада:
      "К 1  және К 3  коэффициенттері мәнінің есептері" кестесінде:
      1-жолда "1.2" деген цифрлар "1.5" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1.3, 1.4, 1.5-жолдармен толықтырылсын:

1.3

бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша

  

100%

  

1.4

"А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша

  

100%

  

1.5

бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша

  

100%

  

      мынадай мазмұндағы 3-1-жолмен толықтырылсын:

3-1.

ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар

  

100%

  

      мынадай мазмұндағы 16-1-жолмен толықтырылсын:

16-1.

бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, бағалы қағаздар орталық депозитарийінің және акционерлері бағалы қағаздар қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бір  бөлігі болып табылатын өзге заңды тұлғалардың ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, елу процентке азайтылған акциялары

  

50%

  

      мынадай мазмұндағы 22.1., 22.2-жолдармен толықтырылсын:

22.1.

Зейнетақы активтерінің ағымдағы құны (ЗАА)

  

  

  

22.2.

кредит тәуекелінің 
коэффициенті (k)

  

  

  

      6-қосымшада:
      "20__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша _______________________________ (ұйымның атауы) пруденциалдық нормативтердің есебіне арналған қосымша мәліметтер" кестесі мынадай мазмұндағы 8015, 8016, 8017, 8018-жолдармен толықтырылсын:

8015

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоттарындағы ақша

 

8016

Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша

 

8017

"А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердің шоттарындағы ақша  

 

8018

Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша

 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға