"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығымен бекітілген, 2810 нөмірмен тіркелген" Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережесін тасыма

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 70 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 3 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4169. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 5 ақпандағы № 110 бұйрығымен

      Қазақстан-украин қарым-қатынастарын одан әрi нығайту және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "2006 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ

       2006 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткiзу туралы

      Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мен байланыстарды нығайту және Қазақстан Республикасының Президентi мен Украина Президентi кездесулерiнiң барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды орындау мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. 2006 жылы Украинадағы Қазақстан жылы өткiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Украинадағы Қазақстан жылын дайындау мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiн құрсын және көрсетiлген iс-шараны қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi