"Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы есептеу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 8

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 10 ақпандағы N 64 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4135. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 40 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2010.10.07 N 235/16 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңы 27 бабының 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      облыс әкімдігінің 2005 жылғы 26 шілдедегі "Қазақстан Республикасы шегінде медициналық көрсетімдер бойынша емделуге жіберілетін науқастардың және оларды сүйемелдейтін адамдардың жол ақысын төлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 248/6  қаулысына (Павлодар облысы әділет департаментінде 2005 жылғы 17 тамыздағы N 3041 тіркелді, "Звезда Прииртышья" газетінің 2005 жылғы 1 қазандағы N 111 санында жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағындағы "2005 жылға арналған" деген сөздер мен сандар алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы шегінде медициналық көрсетімдер бойынша емделуге жіберілетін науқастардың және оларды сүйемелдейтін адамдардың жол ақысын төлеу жөніндегі нұсқаулықтың 3-тармағы "жылына бір рет" деген сөздерден кейін ", ал қайта емделу көрсеткіштері болған жағдайда - бірнеше рет" деген сөздермен толықтырылсын.

     Облыс әкімі