"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 3 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 77 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 16 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4121.Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 115 бұйрығымен.

------------Бұйрықтан үзінді------------------

      Қолданыстағы заңнамамен сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1).....
      2).....
      3).....
      4) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 3 бұйрығына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2006 жылғы 9 наурыздағы N 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4121 болып тіркелген);
      2. ......

      Министр
----------------------------------------------

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7-бабын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 3  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 30 маусымдағы  N 52 , 2000 жылғы 11 наурыздағы  N 28 , 2000 жылғы 26 сәуір  N 40 , 2004 жылғы 13 қыркүйектегі  N 265  бұйрықтармен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 667 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақта:
      бірінші абзацта "Тіркеу қызметі комитетінің" деген сөздерден кейін ", Діни істер комитетінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацта "қызметiне" деген сөзден кейін ", діни бірлестіктерді қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші абзацта "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейін ", діни бірлестіктерді қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші абзацта "дiни басқармаларды (орталықтарды), республиканың екi немесе одан көп облыстарының аумақтарында қызмет ететiн дiни бiрлестiктердi, сонымен бiрге, олармен құрылатын дiни оқу мекемелерiн, монастырларды және өзге бiрлестiктердi;" деген сөздер алып тасталсын.

      мынадай мазмұндағы 2-нші бөлікпен толықтырылсын:
      "Діни істер комитеті:
      Әділет министрлігінің аумақтық органдарының діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты;
      діни бірлестіктердің және Әділет министрлігінің аумақтық органдарының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелерін реттейтін заңнамалардың талаптарын сақтауын бақылауды;
      республиканың екі немесе одан көп облыстарының аумақтарында жұмыс істейтін діни басқармаларды (орталықтарды), діни бірлестіктерді, сондай-ақ олар құратын діни мекемелерді, монастырларды және басқа да бірлестіктерді тіркеуді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркеуді) жүзеге асырады.".

      2. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі