Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазанындағы "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" N 305 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 69 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 13 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4118

       Қазақстан Республикасының түзеу мекемелеріндегі жазаларын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмысын әрі қарай дамыту мақсатында, "Әділет органдары туралы" Заңның 7 бабы 2 тармақтың 3) тармақшасын басшылыққа алып,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазанындағы "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" N 305  бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3228 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:
      мынадай мазмұндағы 110-1 тармақпен толықтырылсын:
      "110-1. ТМ комиссиясы сотталғанға рақымшылық туралы қолдаухатта өзінің осы қолдаухаттың іс-жүзіндегі көзқарасын білдіреді.".
      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      КЕЛІСІЛГЕН
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокурорының бірінші орынбасары
      2006 жылғы 20 ақпан