"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптамалар мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң бiлiктiлiк дәрежесiн бекiтетiн сарапшылық мамандықтары түрлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Әдiл

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2006 жылғы 24 ақпандағы N 68 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4107. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 209 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.07.20 № 209 Бұйрығымен.

      "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын және "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптамалар мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң бiлiктiлiк дәрежесiн бекiтетiн сарапшылық мамандықтары түрлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 1999 жылғы 14 маусымдағы N 44 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 861 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң 2001 жылғы 22 маусымдағы N 80 және 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 30 бұйрықтарымен енгiзiлген толықтырулармен және өзгерiспен) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Сот сараптамасы орталығында жүргiзiлетiн сараптамалар мен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң бiлiктiлiк дәрежесiн бекiтетiн сарапшылық мамандықтары түрлерiнiң тiзбесiнде:

      реттік нөмiрi 17-жолда:
      "Сарапшылық мамандықтар" деген 3-бағандағы "сот-сараптамалық психологиялық зерттеу" және "сот-сараптамалық психологиялық-психиатриялық зерттеу" деген сөздер алып тасталсын;
      "Мамандықтар шифрi" деген 4-бағандағы "17.2" және "17.3" деген сандар алып тасталсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi С.П.Нұғмановқа жүктелсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдің м.а