Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрайымының 2006 жылғы 30 қаңтардағы N 1-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 1 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4073. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 14 қазандағы N 279 Бұйрығымен.

Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс    

      Стратегиялық маңызы бар салалардағы экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру, мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Самұрық" холдингі" АҚ) құрсын; см.U080669
      2) екі апта мерзімде:
      "Самұрық" холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекітуді;
      акцияларының мемлекеттік пакеттері "Самұрық" холдингі" АҚ-тың жарғылық капиталына берілетін ұлттық компаниялар мен басқа да акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітуді;
      3) бір ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
      4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті