Құстардың зардапты тұмауын алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы N 45 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4046. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс    

      Стратегиялық маңызы бар салалардағы экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру, мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Самұрық" холдингі" АҚ) құрсын; см.U080669
      2) екі апта мерзімде:
      "Самұрық" холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекітуді;
      акцияларының мемлекеттік пакеттері "Самұрық" холдингі" АҚ-тың жарғылық капиталына берілетін ұлттық компаниялар мен басқа да акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітуді;
      3) бір ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
      4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті