"Бала туғанда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек төлеудiң ережесiн бекiту туралы" облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 30 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 20 желтоқсандағы N 316 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 27 қаңтарда N 1607 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысына  мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  337-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсатта пайдалану үшін алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу.";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "- ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсатта пайдалану үшін алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі