"Ақпараттандыру саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларын жоспарлау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 22 маусымдағы N 94, Қазақстан Республик

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 154, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2005 жылғы 18 қарашадағы N 416-Ө Біріккен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4036

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 622 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі N 776  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 237-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде:
      1-тармақтың 9) тармақшасында "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыдан" деген сөздер "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының  62-бабында  көзделген жәрдемақыны қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі