"Әдiлет органдарының Қазақcтан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақс

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 325 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3968. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығымен

      "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының  14-бабының  3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Павлодар облысында бастапқы алюминий өндіру жөніндегі электролиз зауытын салу және пайдалану" инвестициялық жобасы бойынша "Казахстанский электролизный завод" акционерлік қоғамына берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін:
      корпорациялық табыс салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік жыл;
      мүлік салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жыл;
      жер салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жыл.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі