Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 381 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 314 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3845. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 128 Қаулысымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 128 Қаулысымен.

      Нормативтiк құқықтық актiлердi "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 381  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 2586 тiркелген, "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымында жарияланған, 2003 жыл, N 24) Агенттiк Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 111 қаулысымен енгiзiлген толықтырумен бiрге (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 3613 тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру ережесiнде:
      барлық мәтiн бойынша "Депозитарлық қызмет көрсету шарты", "Депозитарлық қызмет көрсету шартын", "депозитарлық қызмет көрсету шартында" деген сөздер тиiсiнше "Номиналды ұстау шарты", "Номиналды ұстау шартын", "номиналды ұстау шартында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" АҚ-на жiберсiн.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.

      Төраға