"Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 698/1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 552 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 9 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3828 Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 536 Бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2477 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2003 ж., N 31-36, 870-құжат болып жарияланған), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252  бұйрығымен  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3633 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2005 ж., N 16, 169-170-құжат болып жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережеде:

      6-тармақта "Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" деген сөздер "Ұлттық аккредиттеу орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр