"І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 325 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3770. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 15) тармақшасына және 7-бабы 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткенінен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің  
2005 жылғы 5 шілдедегі     
N 325 бұйрығымен бекітілген  

"І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу
жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) қоршаған ортаға қауіп төндіретін аса қауіпті және карантиндік жұқпалы аурулардың алдын алу арнайы шараларын жүргізуді регламенттейді және патогенді биологиялық агенттерді (бұдан әрі - ПБА) сақтауға, есепке алуға, тапсыруға және тасымалдауға қойылатын бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

      2. Олармен жұмыс істейтін адамдар, сондай-ақ айналасындағы адамдар мен жануарлар үшін жұқтыру тәуекелінің деңгейіне қарай қоздырғыштармен жұмыс істеу режимінің, сақтау мен беру тәртібінің дәрежесін анықтау, санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында І-ІV патогенді топтар микроорганизмдері мен олардың уыттары осы санитарлық ережеге 1- қосымшаға сәйкес топтарға бөлінеді.

      3. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы санитарлық ереже Қазақстан Республикасының аумағында І-ІV патогенді топ қоздырғыштарымен жұмыс істейтін заңды тұлғалар орындау үшін міндетті.

      4. Мыналарға жататын қоздырғыштардың тірі өсінділерімен:
      1) І патогенді топ қоздырғыштарымен жұмыс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында және обаға қарсы күрес мекемелерінде жүргізілуі тиіс;
      2) ІІ патогенді топ қоздырғыштарымен мемлекеттік мекемелердің зертханаларында жүргізілуге тиіс;
      3) ІІІ-ІV патогенді топ қоздырғыштарымен - меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2692 тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 63 бұйрығымен бекітілген "Микробиология, вирусология және паразитология зертханаларының орналасуына және жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға (бұдан әрі - СанЕмН) сәйкес Орталық режимдік комиссияның рұқсаты бар ұйымдардың зертханаларында жүргізіледі.

      5. І-ІV патогенді топ қоздырғыштарымен жұмыс істеуші ұйымдарға микроорганизмдер коллекциясының келесі:
      1) республикалық коллекциясы;
      2) республикалық депозитарийлері;
      3) тірі өсінділер мұражайы (бұдан әрі - ТӨМ);
      4) институттардың, орталықтардың ғылыми коллекциялары;
      5) институттардың, орталықтардың, биокомбинаттардың өндірістік коллекциялары;
      6) диагностикалық зертханалардың коллекциялары жатады.

      6. Республикалық коллекция зерттелетін ПБА жолдамасын, бір орталықта есепке алуды, депонирлеу мен патенттеуді ұйымдастырушылық әрі ғылыми-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тиіс.

      7. Республикалық депозитарийлер иммунобиологиялық препараттар мен қоректік орталарды, өндірістік штамдарды, депонирленген және патенттелген штамдарды, референттік штамдарды, авторлық коллекцияларды, генетикалық өзгерген микроорганизмдерді, біріздендіру үшін алынған ПБА-ны стандарттау мен бақылау үшін Қазақстан мен шетелдердің шегінде әр түрлі объектілерден оқшауланған ПБА-ны сақтауды жүзеге асыруға тиіс.

      8. Министрліктің (ведомствоның) бұйрығымен ұйым басшысы өтінішінің негізінде, орталық режимдік комиссияның және республикалық коллекцияның (жолдама бойынша) келісуімен, ұйымның құрылымдық бөлімшелері ретінде, тағайындауға байланысты І-ІV патогенді топ қоздырғыштарымен жұмыс істеуге рұқсаты бар институттарда (ғылыми орталықтарда) және обаға қарсы күрес станцияларында ТӨМ құрылуға тиіс.

      9. ТӨМ-нің ұйымдастыру-штаттық құрылымын ТӨМ орындайтын жұмыстың міндеттері мен көлеміне сәйкес ұйымның басшысы анықтайды.

      10. ТӨМ-ге ұйымдастыру-әдістемелік басшылық етуді және бақылауды "Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі N 850 қаулысына сәйкес зерттелетін жолдама бойынша республикалық коллекциялар жүзеге асырады.

      11. ТӨМ-де мыналар сақталуға тиіс:
      1) қоректік орталарды бақылау үшін тест-штамдар;
      2) ПБА-ның үлгілік штамдарының жинағы, соның ішінде жұмыс коллекциялары (авторлық), олардың тізбесі мен оларды пайдалану аспектісін Республикалық коллекция (зерттелетін жолдама бойынша) айқындайды және жыл сайын (ағымдағы жылдың 10 қаңтарына дейін) Орталық режимдік комиссия қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бекітеді;
      3) Диагностикалық орталықтар мен зертханалардың ағымдағы жұмысында бөлінетін, алғашқы біріздендіруге және СанЕмН белгіленген тәртіппен тиісті Республикалық коллекцияларға жіберуге жататын ПБА. Қалған субтірі өсінділер жоюға жатады.

      12. Ғылыми коллекциялар институттардың (орталықтардың) базасында ұйымның функционалдық қызметіне сәйкес, ұйым басшысының бұйрығымен құрылуға тиіс. Ұйымның басшысы коллекциялық ПБА-мен жұмыс істеудің дұрыстығы үшін жауаптыны тағайындауға тиіс.

      13. Ғылыми коллекцияларда:
      1) ұйымдардың жекелеген бөлімшелерінің, зертханалардың, авторлардың ПБА штамдарының жұмыс коллекциялары;
      2) референттік штамдар;
      3) тест-штамдар сақталуға тиіс.

      14. Ғылыми коллекцияларда, институттарда (орталықтарда) сақтауға рұқсат етілетін ПБА тізімі жыл сайын (ағымдағы жылдың 10 қаңтарына дейін) республикалық коллекциямен (зерттелетін жолдама бойынша) келісіледі және оған Орталық режимдік комиссия қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бекітіледі.

      15. Өндірістік коллекциялар өндірістік орталықтардың (өндірістік-ғылыми), биокомбинаттардың базасында құрылады.

      16. Өндірістік коллекцияларда:
      1) өндірістік штамдар;
      2) бақылаудағы штамдар сақталады.

      17. Дайын өнімді бақылауды жүзеге асыратын бөлімшелерде өнімді бақылау үшін қажетті микроорганизмдердің үлгілік штамдарының шектелген коллекциясы болуға тиіс. Үлгілік бақылаудағы штамдардың жинағы айқындалатын параметрлерге байланысты өзгереді.

      18. Диагностикалық зертханалардың коллекциялары диагностикалық зертханалардың базасында құрылады.

      19. Диагностикалық зертханаларда:
      1) қоректік орталарды бақылауға арналған;
      2) алғашқы біріздендіру және диагностикалық зертханалардың жоғары тұрған коллекциялары мен тірі өсінділер мұражайларына жіберуге арналған оқшауланған ПБА штамдарының жинағы сақталуға тиіс.

      20. Зертхананың меңгерушісі диагностикалық зертханалар коллекцияларын сақтау үшін жауапты болуға тиіс.

      21. Диагностикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын, сондай-ақ вакциналық және өндірістік штамдар коллекциялық ретінде есепке алынуға тиіс.

      22. І-IY топтың өндірістік, эталонды ПБА штамдарын мекеме басшысының рұқсаты бойынша тек республикалық коллекцияларда, тест-штамдарды - республикалық коллекциялар мен ТӨМ-де алады.

      23. Республикалық коллекциялар мен ТӨМ-де алынған тірі өсінділер басқа мекемелерге берілмейді. Штамдар ғылыми зерттеулер аяқталғаннан кейін жойылады немесе СанЕмН-ге сәйкес сақталады.

      24. ПБА қозғалысын, СанЕмН талаптарының орындалуын өндірістік бақылауды жылына кемінде бір рет, қажетіне қарай - эпидемиологиялық айғақтар бойынша (осы санитарлық ережеге 2 -қосымшаға сәйкес) ұйымның режимдік комиссиясы жүзеге асыруға тиіс.

2. ПБА-ны есепке алуға қойылатын талаптар

      25. ПБА қозғалысы мен сақтауды бақылау СанЕмН-ге сәйкес жүзеге асырылады.

      26. Диагностикалық зертханалар барлық І-IY топ ПБА-сының бөлінуі туралы жоғары тұрған органдарға хабарлауға тиіс және 3 күннің ішінде оларды СанЕмН-де белгіленген тәртіппен тиісті зертханалар мен ТӨМ-ге жібереді, олар кейіннен бекітілген нысандағы паспорттарды ресімдей және індетке қарсы режимді сақтай отырып, оларды тиісті бейінді республикалық коллекцияларға жібереді.

      27. І-IY топ ПБА-сымен эксперименттік жұмыс жүргізуші бөлімшелерде СанЕмН 9 11 19 қосымшаларда және осы санитарлық ережеге 3 4 -қосымшаларда келтірілген нысандар бойынша есеп жүргізілуге тиіс.

      28. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаудың барысында алынған және ғылыми қызығушылық тудырушы ПБА варианттары осы санитарлық ережеге 5 -қосымшаға сәйкес есепке алынуға, ғылыми коллекцияларда сақталуға тиіс. Коллекциялық штамдарға берілген белгілер (нөмір, код) СанЕмН 112 -тармағына сәйкес жүргізілуге тиіс. Осындай принциппен бактериялық уыттар мен жануарлар уларын есепке алу жүргізілуге тиіс.

      29. Зерттеуші үшін қызығушылық тудырушы штамдар күзетуге жататын (патенттеу объектісі) немесе авторлық (депонирлеу объектісі) ретінде республикалық коллекцияларда (депозитарийлерде) сақталады. Оларға мүкәммал журналы (осы санитарлық ережеге 5-қосымша) бойынша код шифрі мен реттік нөмірі берілуге тиіс.

      30. Мұражайда сақталған микроорганизмдер туралы ақпарат үшін биохимиялық, серологиялық және басқа да штамдар қасиеттерінің сипаттамасы бар паспорт (осы санитарлық ережеге 6 -қосымша) толтырылуға тиіс.

      31. I-IY топ ПБА-сын есепке алу жөніндегі барлық журналдар СанЕмН 114 және 115 -тармақтарына сәйкес ресімделуге және оларды толтыру үшін жауапты адамда сақталуға тиіс. Штамдарды жою актімен құжатталады.

      32. Диагностикалық зертханаларда ПБА-ны бір орталықтан есепке алу мынадай сызба бойынша жүзеге асырылады: зертхананың (зертханалардың) меңгерушісі ұйымның басшысына кейіннен жоғары тұрған органға жиынтық есеп жасай отырып, осы санитарлық ережеге 7 8 -қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша ПБА-ның болуы және қозғалысы туралы тоқсан сайын (тоқсан аяғының 25 күніне дейін) мәліметтер береді.

      33. Республикалық коллекцияларда (депозитарийлерде), ТӨМ-де, ғылыми және өндірістік орталықтарда жылдық есеп жасала отырып, ПБА-ны тоқсан сайын нысандар бойынша (санитарлық ережеге 7, 8-қосымшалар) бір орталықтан есепке алу мына сызба бойынша (әрбір айдың 5 күніне дейін) жүзеге асырылуға тиіс:
      1) тоқсан сайын (әрбір жаңа тоқсанның 1 күніне дейін) коллекцияны сақтау үшін жауапты адам (жұмысшы, зертхана мен бөлім коллекциясы) коллекция немесе ТӨМ меңгерушісіне және институттың (орталықтың) режимдік комиссиясына осы санитарлық ережеге 8, 9-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша ПБА-ның болуы туралы мәліметтер беруге тиіс;
      2) коллекция (ТӨМ) меңгерушісі (жауапты) ұйымның басшысына институт (орталық) коллекциясы туралы жиынтық есеп пен мәліметтер береді;
      3) диагностикалық зертханалардың коллекциялары жоғары тұрған органға есеп береді, ол жиынтық есеп жасайды және оны тиісті бейіндегі республикалық коллекцияға береді;
      4) республикалық депозитарийлер, ТӨМ, өндірістік және ғылыми коллекциялар тиісті бейіндегі республикалық коллекцияға есеп беруге тиіс;
      5) республикалық коллекциялар министрліктің (ведомствоның) тиісті бейініне және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне жиынтық есеп беруге тиіс.

3. ПБА-ны сақтау, беру және тасымалдау

      34. ПБА мен уыттар бар ыдыстар СанЕмН 116 117 118 119 -тармақтарына сәйкес ресімделуге және сақталуға тиіс.

      35. Бактерияларды, риккетсияларды, вирустарды, грибоктарды, қарапайымдыларды жұқтырған жануарлар жабылатын үй-жайларда жеке (шыны банкілерде, торларда) ұсталуға тиіс.

      36. І-IY тобының тірі өсінділері бар тоңазытқыштар, шкафтар мен термостаттар жабылуға, ал жұмыс күнінің аяғында пломбылануға немесе мөрленуге тиіс. Кілттер, пломбылаушылар мен мөрлер зертхана меңгерушісінде сақталуға тиіс. Жұмыс жүргізілетін және І-ІІ топ тірі өсінділері сақталатын зертханаларда кіреберіс есіктер құлыппен жабылып, пломбыланып немесе мөрленуге тиіс, кілттер қол қоюмен мекеме бойынша кезекшіге тапсырылады.

      37. Тірі өсінділерді қайта себу кезінде СанЕмН ережесі сақталуға тиіс.

      38. І-IY топ штамдарын мекеменің ішінде босату (беру) СанЕмН 120 -тармағына сәйкес жүргізіледі.

      39. Қоздырғыштарды беру СанЕмН 121 -тармағына сәйкес және ерекшелендірілген коллекция журналында жазумен ресімделуге тиіс.

      40. І-ІІ қоздырғыштарды және ІІІ-IY топ коллекциялық штамдарын сақтау үшін жауапты қызметкер уақытша болмаған (демалыс, іссапар, науқастану) жағдайда, ұйым (бөлімше) басшысының рұқсатымен акті бойынша қайта себу құқығымен немесе құқығысыз тірі өсінділер берілетін адам болып табылады және журналда (осы санитарлық ережеге 5-қосымшаға) тіркеледі.

      41. Ел ішінде ПБА-ны ұйымнан тыс беру және тасымалдау СанЕмН 9-тарауы 122 131 -тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      42. Шетелге ПБА-ны беру (алу) және тасымалдау СанЕмН 9-тарауы 132 137 -тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

4. Бақылауды ұйымдастыру

      43. Өндірістік бақылауды жүргізу үшін ұйымдардың басшылары тұрақты немесе уақытша негізде І-ІІ топ ПБА-сымен жұмыс істеу тәжірибесі бар ұйым мамандарынан тұратын режимдік комиссиялар құруға тиіс.

      44. І-IY топ ПБА-ларымен жұмысты орындаушы ұйымдарда осы санитарлық ереженің сақталуын тұрақты өндірістік бақылауды жылына кемінде бір рет, қажетіне қарай - эпидемиологиялық айғақтар бойынша, олардың орындалуын міндетті түрде тексере отырып, режимдік комиссия жүзеге асырады.

                                         "І-ІV патогенді топтар
                                       микроорганизмдерімен жұмыс
                                       істеу жағдайына қойылатын
                                      санитарлық-эпидемиологиялық
                                         талаптар" санитарлық-
                                       эпидемиологиялық ережесі
                                       мен нормаларына 1-қосымша

           Патогенді топтар бойынша адам үшін патогенді
               микроорганизмдердің жіктемесі

Р/с
N

Микроорганизмдердің
атауы

Аталған микроорганизмдерден
туындайтын ауру


Бактериялар


I топ

1.

Yersіnіa pestіs

  Оба


II  топ

1.

Bacіllus anthracіs

Күйдіргі

2.

Brucella abortus
Brucella melіtensіs
Brucella suіs

Бруцеллез

3.

Francіsella tularensіs

Туляремия

4.

Legіonella pneumophіla

Легионеллез

5.

Pseudomonas malleі

Сап

6.

Pseudomonas pseudomalleі

Мелиоидоз

7.

Vіbrіo cholerae 01 токсигенді
Vіbrіo cholerae non 01 токсигенді

Тырысқақ


III топ

1.

Bordetella pertussіs

Көкжөтел

2.

Borrelіa recurrentіa

Соқпа сүзек

3.

Campylobacter fetus

Абсцесс, септицемия

4.

Campylobacter jejunі

Энтерит, холецистит, септицемия

5.

Clostrіdіum botulіnum

Ботулизм

6.

Clostrіdіum tetanі

Сіреспе

7.

Corynebacterіum dіphtherіae

Дифтерия

8.

Eryaіpelothrіx rhusіopathіae

Эризипелоид

9.

Helіcobacter pylorі

Гастрит, асқазан және ұлтабардың ойық жара ауруы

10.

Leptospіra іnterrogans

Лептоспироз

11.

Lіsterіa monocytogenes

Листериоз

12.

Mycobacterіum leprae

Алапес

13.

Mycobacterіum tuberculosіs
Mycobacterіum bovіs
Mycobacterіum avіum

Туберкулез

14.

Neіsserіa gonorrhoeae

Гонорея

15.

Neіsserіa menіngіtіdіs

Менингит

16.

Nocardіa asteroіds

Нокардиоз

17.

Pasterella multocіda, haemolytіca

Пастереллез

18.

Proactіnomyces іsraelіі

Актиномикоз

19.

Salmonella paratyphі A

А қылауы

20.

Salmonella paratyphі B

В қылауы

21.

Salmonella typhі

Iш сүзегі

22.

Shіgella spp.

Дизентерия

23.

Treponema pallіdum

Сифилис

24.

Yersіnіa pseudotuberculosіs

Жалған туберкулез

25.

Vіbrіo cholerae 01 не токсигенный

Диарея

26.

Vіbrіo cholerae non 01 не токсигенный

Диарея, жарақат жұқпалары, септицемия және басқалары


IV топ

1.

Aerobacter aerogenes

Энтерит

2.

Bacіllus cereus

Тамақ уытты жұқпалары

3.

Bacteroіdes spp

Өкпенің абсцесі, бактериемия

4.

Borrelіa spp.

Кене спирохетозы

5.

Bordetella bronchіseptіca Bordetella parapertussіs

Бронхосептикоздар
Көкжөтел тәрізді аурулар

6.

Campylobacter spp

Гастроэнтерит, гингивит, периодонтит

7.

Cіtrobacter spp

Жергілікті қабынуы процестері, тамақ уытты жұқпалары

8.

CIostrіdіum perfrіngens, CIostrіdіum novyі, CIostrіdіum septіcum, CIostrіdіum hіatolytіcum, CIostrіdіum bіfermentans.

Газды гангрена

9.

Escherіchіa colі

Энтерит

10.

Eubacterіum endocardіtіdіs

Сепсистік эндокардит

11.

Eubacterіum lentum
Eubacterіum ventrіcosum

Қайталама сепсис, абсцестер

12.

Flavobacterіum menіngo-septіcum

Менингит, септицемия

13.

Haemophіlus іnfluenza

Менингит, пневмония, ларингит

14.

Hafhіa alveі

Холецистит, цистит

15.

Klebsіella ozaenae

Озена

16.

Klebsіella pneumonіae

Пневмония

17.

Klebsіella phіnoscleromatіs

риносклерома

18.

Mycobacterіum spp.
Mycobacterіum photochromogens
Mycobacterіum scotochromogens Mycobacterіum nonphotochromogens
Mycobacterіum rapіd growers

Микобактериоздар

19.

Mіcoplasma homіnіs 1
Mіcoplasma homіnіs 2
Mіcoplasma pneumonіae

Жергілікті қабынуы процестері, пневмония

20.

Propіonіbacterіum avіdum

Сепсис, абсцестер

21.

Proteus spp.

Тамақ уытты жұқпасы, сепсис, жергілікті қабыну процестері

22.

Pseudomonas aerugіnosa

Сепсис, жергілікті қабыну процестері

23.

Salmonella spp.

Сальмонеллез

24.

Serratіa marcescens

Сепсис, жергілікті қабынуы процестері

25.

Staphylococcus spp.

Тамақ уытты жұқпалары, септициемия, пневмония

26.

Streptococcus spp

Пневмония, тонзиллит, полиартрит, септицемия

27.

Vіbrіo sрр.,
Vіbrіo parahaemolytіcus, Vіbrіo mіmіcus,
Vіbrіo fluvіales,
Vіbrіo vulnіfіcus,
Vіbrіo algіnolytіcus

Диарея, тамақ уытты жұқпалары, жара жұқпасы, септицемия және басқалар

28.

Yersіnіa enterocolіtіca

Энтерит, колит

29.

Actіnomyces albus

Актиномикоз


Риккетсиялар


II топ

1.

Rіckettsіa prowazekіі

Эпидемиялық бөртпе сүзек, Брилл ауруы

2.

Rіckettsіa typhі

Егеуқұйрық бөртпе сүзек

3.

Rіckettsіa rіckettsіі

Тасты таулардың көгала безгегі

4.

Rіckettsіa tsutsugamushі

Цуцугамуши безгегі

5.

Coxіella burnetіі

Коксиеллез (Ку безгегі)


III топ

1.

Rіckettsіa sіbіrіca

Солтүстік Азия кене бөртпе сүзегі

2.

Rіckettsіa conorіі

Жерорта теңізі ала қызбасы

3.

Rіckettsіa sharonі

Израиль қызбасы

4.

Rіckettsіa sp. Now?

Астрахань қызбасы

5.

Rіckettsіa acarі

Везикулезді риккетсиоз

6.

Rіckettsіa australіs

Солтүстік Квинсленд кене бөртпе сүзегі

7.

Rіckettsіa japonіca

Жапон ала қызбасы

8.

Rіckettsіa sp. Now

Африка қызбасы

9.

Rіckettsіa sp. now? штамм "ТТТ" 

Тайланд кене риккетсиозы


Эрлихии (Rіckettsіaceae тұқымдас
ішіндегі Ehrlіchіae тобы)


III топ

1.

Ehrlіchіa sennetsu

Сеннетсу ауруы

2.

Ehrlіchіa canіs

Аурудың аты жоқ

3.

Ehrlіchіa chaffeensіs

Аурудың аты жоқ


Грибоктар


II топ

1.

Blastomyces brasіlіensіs, dermatіtіdіs

Бластомикоз

2.

Coccіdіoіdes іmmіtіs

Кокцидиоидоз

3.

Hіstoplasma capsulatum

Гистоплазмоз


III топ

1.

Aspergіllus flavus
Aspergіllus fumіgatus

Аспергиллез

2.

Candіda albіcana

Кандидоз

3.

Cryptococcus neoformans

Криптококкоз


IV топ

1.

Absіdіa corymbіfera

Мукороз

2.

Aspergіllus nіger, nіdulans

Аспергиллез

3.

Candіda brumptіі, Candіda cruseі, Candіda іntermedіa, Candіda pseudotropіcalіs, Candіda tropіcalіs, Candіda guіllermondіі

Кандидоз

4.

Cephalosporіum acremonіum, cіnnabarіum

Цефалоспориоз

5.

Epіdermophyton floccosum

Эпидермофитии

6.

Geotrіchum candіdum

Геотрихоз

7.

Mіcrosporum spp.

Микроспория

8.

Mucor musedo

Мукороз

9.

Penіcіllіum crustosum, luteo-vіrіde, notatum

Пенициллиоз

10.

Pіtyrosporum orbіculare

Түрлі түсті теміреткі

11.

Rhіzopus nіgrіcans

Мукороз

12.

Trіchophyton spp.

Қабатты мукоз

13.

Trіchosporon cerebrіforme

Түйінді трихоспория


Қарапайымдылар


III топ

1.

Leіshmanіa donovanі

Висцериялы лейшманиоз

2.

Plasmodіum vіvax, falcіparum, malarіae

Безгек

3.

Trіchomoas vagіnalіs

Несеп-жыныс трихомониазы


IV топ

1.

Acanthamoeba culbertsonі, spp

Менингоэнцефалит

2.

Babesіa caucasіca

Бабезиоз

3.

Balantіdіum colі

Балантидиоз

4.

Entamoeba hystolytіca

Амебиаз

5.

Isospora bellі
Lamblіa іntestіnalіs

Энтерит

6.

Naeglerіa spp.

Менингоэнцефалит

7.

Pent, atrіchomonas homіnіs

Колит

8.

Leіshmanіa major, tropіca

Тері лейшманиозы

9.

Toxoplasma gondіі

Токсоплазмоз


Вирустар


I топ

1.

Fіlovіrіdae:
Марбург және Эбола вирустары

Геморрагиялық қызба

2.

Arenavіrіdae:
Ласса, Хунин және Мачупо вирустары

Геморрагиялық қызба

3.

Poxvіrіdae:
Шешек вирусы

Адамның табиғи шешегі

4.

Herpesvіrіdae маймылдың В вирусы

Созылмалы энцефалиттер, энцефалопатиялар


II топ

1.

Togavіrіdae
Жылқы энцефаломиелитінің вирусы (Венесуэла ВЖЭВ, шығыс ШЖЭ, батыс БЖЭ);
Семлики, Чикунгунья,
О, Ньонг-Ньонг, Карельдік, Синдбис,  Росс, Майяро, Мукамбо өзендеріндегі қызба вирустары

Маса энцефалиттері
энцефаломиелиттері,
энцефаломенингиттері

2.

Flavіvіrіdae:
Кене энцефалиті вирустарының жиынтығы
Кене энцефалиті (КЭ),  Алма-Арасан, Апон, Лангат, Негиши, Повассан, Шотландтық қой энцефаломиелиті,
Киассанур орманының ауруы, Омбы көгала безгегі (ОКБ)
Жапон энцефалиті вирусының жиынтығы (ЖЭ), Батыс Ниль, Ильеус, Росио, Сент-Луис, Усуту энцефалиттері, Муррея Карши, Кунжин, Сепик, Вессельсборн алқабындағы энцефалиттер
Сары қызба вирусы
С гепатитінің вирусы

энцефалиттері
энцефаломиелиттері

  Геморрагиялық қызба

Қызба аурулары

Қызба аурулары

  Қызба аурулары
Парентеральды гепатит, бауырдың гепатоцелюлярлы  карциномасы

3.

Bunyavіrіdae,
Bunyavіrus тұқымдастығы:
Калифорниялық, Ла-Кросс, Джеймстаун-каньонының, Зай-цев-Беляков, Инко, Тягиня энцефалиттерінің  жиынтығы,

  Апеу, Мадрид, Орибона, Осса, Рестан ж.б. С-вирусының жиынтығы
Phlebovіrus түріндегі:
Сицилия, Неаполь, Рифт-валли, Тосканда  ж.б. шыбын-шіркейлерден  болатын безгек вирустері
Naіrovіrus түріндегі:
Қырым көгала безгегінің Конго вирусы;
Найроби, Ганджам қойларының аурулары;
Дугбе
Hantavіrus түріндегі: Хантаан, Сеул вирустері
Пуумала ж.б.

Энцефалит, энцефаломиелит, менингоэнцефалит,  менингитті белгісі мен артириті бар қызба аурулары

Қызба аурулары
Миозиттер және артриттер

Артриті және миозиті бар энцефалиттер мен қызба аурулары

Геморрагиялық қызба

Менингит белгісі бар қызба
Энцефалит
Бүйрек ауруы белгісі бар геморрагиялық қызба (БСКБ)

4.

Reovіrіdae,
Orbіvіrus түріндегі:
Кемерово, Колорадтық кене безгегінің, Көктілді қойлардың, Чангвинола, Орунго  ж.б. вирустері

Менингит белгісі және артриті бар қызба

5.

5. Rhabdovіrіdae,
Lyssavіrus түріндегі: көше құтырмасының,  жабайы, Лагос-бат вирусы

Құтырма
Жалған құтырма және энцефалопатия

6.

Pіcomavіrіdae,
Aphto vіrus түріндегі: Аусыл вирусы

Аусыл

7.

Arenavіrіdae:
Лимфоцитарлық хориоме-нингит, Токарибе, Пичинде вирустары

Астенинді менингиттер және менингоэнцефалиттер

8.

Hepadnavіrіdae:
В және Д (Дельта) гепатиттерінің вирустары

Парентералды гепатиттер

9.

Retrovіrіdae: адам иммунитетінің жетіспеушілігін тудыратын вирус  (АИЖТВ-1, АИЖТВ-2)
Адамның Т-клеткалық  лейкозының вирусы  (НТ1у)

ЖҚТБ

  Т - адамның жасуша  лейкозы

10.

Unconventіonal agents:
Баяу нейрожұқпалы аурулардың қоздырғыштары

Крейцфельд-Якоба, Куру, Скрепи, амиотрофиялық лейкоспонгиозлды аурулары, оливопонтоцеребралды сему, Герстманн-Стра-Усслер Шейнкердің белгілері


III топ

1.

Orthomyxovіrіdae:
А, В және С тұмауының вирустары

Тұмау

2.

Pіcomavіrіdae:
Enterovіrus түріндегі: сал, А және Е гепатиттерінің жабайы штаммдары
Жіті геморрагиялық конъюктивит вирусы (АНС)


Полиомелит

Энтералды гепатит

Геморрагиялық коньюктивит

3.

Herpesvіrіdae:
I және II үлгідегі қарапайым ұшық вирусы,  зостор-қызылшаның герпевирустары
6 үлгідегі ұшық  (HB1v-HHv 6)
цитомегалия вирусы
Эпштейн-Барр вирусы

Қарапайым ұшық
Жел шешек, белдемелі ұшықты теміреткі,
Адамның В-лимфоциттерінің зақымдануы, туа біткен экзан-тема
Цитомегалия
Жұқпалы мононуклеоз, Беркит лимфомасы, назофарингеалды карцинома


IV топ

1.

Adenovіrіdae: барлық түрдегі аденовирустар

ТӨВЖ, пневмония, конъюнктивиттер

2.

Reovіrіdae,
Reovіrus түріндегі: адамдардың ретровирусы,  Rotavіrus түріндегі: адамдардың  ауызвирусы, Небраскадағы бұзаулардың диарея вирусы (NCDV)

- риниттер, гастроэнтериттер

- гастроэнтериттер және энтериттер

3.

Pіcomavіrіdae,
Enterovіrus түріндегі: А және В тобындағы Коксаки вирустары

  ECHO вирустары
68-71 үлгідегі энтеровирустар
адам риновирустарының 120 үлгісі

Cardіovіrus түріндегі: энцефаломиокардит вирусы

Менго вирусы

ТӨВЖ, Борнхольм аурулары, герпангин, полиневриттер
- серозды менингиттер, диарея, ТӨВЖ,
полиневриттер, увеиттер

- серозды менингиттер, коньюнктивиттер ТӨВЖ

ТӨВЖ, полиневрит, герпангин, коньюнктивиттер, фаломиокардиттер, перикардиттер

ТӨВЖ, полиневрит

4.

Coronavіrіdae: адамның коронавирустары

ТӨВЖ (профузды, температурасыз мұрынның бітуі), энтерит

5.

Calіcіvіrіdae:  Норфолк вирусы

Жіті гастроэнтерит

6.

Paramyxovіrіdae:
Адамның 1-4 типтегі парагрипп вирусы
Респираторлық-синцитиалдық вирус
(PC-вирусы)

эпидемиялық паротиттің вирусы
қызылшаның вирусы
Ньюкасл ауруының вирусы

ТӨВЖ, бронхопневмониялар
 

Пневмониялар, бронхиттер, бронхиолиттер

Эпидемиялық паротит

Қызылша
Коньюнктивит

7.

Togavіrіdae
Rubіvіrua түріндегі:
қызамық вирусы

Қызамық

8.

Rabdovіrіdae,  Vesіculovіrus түріндегі: везикулярлы стоматит вирусы

Везикулярлы стоматит

9.

Poxvіrіdae:
сиыр шешегінің вирусы,
эктромелия вирусы
сауыншылар түйіндерінің вирусы

орфвирус вирус

контагиозды моллюска

Тана және Яба вирустары

Сиыр шешегі
Тышқандардың эктромелиясы
Сауыншы қолдарының созылмалы ауруы

Жұқпалы күлдіректі терінің қабынуы
Тері мен шырышты қабаттың жұқпалы моллюскасы
Яба ауруы


Хламидийлер


II топ

1.

Chlamydіa psіttacі

Орнитоз-пситтакоз


III топ

1.

Chlamydіa trachomatіs

Трахома, несепгенитальды хламидиоз

2.

Chlamydіa paratrachomatіs

Трахомоподобный коньюктивит

3.

Chlamydіa veneral lymphagranulema

Жыныс лимфаларының ұлғаюы, шат лимфа бездерінің зақымдануы


Биологиялық улар


II топ

1.

Барлық түрдегі ботулин
уыттары

Ботулизм

2.

Сіреспе уыты


3.

Қарақұрт өрмекшісінің уы



III топ

1.

Микоуыттар

Микотоксикоздар

2.

Күл уыттары


3.

А тобындағы стрептококктар уыттары


4.

Стафилококктар уыттары


5.

Жыландардың уы (кобра, эфа, гюрза және басқалар)


            Патогенді топтар бойынша жануарлар үшін
          патогенді микроорганизмдердің жіктемесі

N

Қоздырғыштың түрі

Қай аурудың қоздырғышы

1

2

3


Бактериялар


I патогенді топ

1.

Yersіnі pestіs

түйелер обасының

II патогенді топ 

1.

Bacіllus anthracіs

күйдіргінің

2.

Brucella abortus
Brucella melіtensіs
Brucella suіs
Brucella canіs

бруцеллездің

3.

Francіsella tularensіs

туляремияның

4.

Pseudomonas malleі

саптың

5.

Pseudomonas pseudomonalleі

мелиоидоздың

III патогенді топ 

1.

Mykobacterіum tuberculosіs

туберкулездің

Mykobacterіum bovіs


Mykobacterіum avіum



Lіsterіa monocytogenes

листериоздың

2.

Salmonella dublіn

сальмонеллездің

Salmonella cholerae suіs


Salmonella abortus ovіs


Salmonella abortus egvі


Salmonella typhіmurіum

Salmonella pullorum gallіnarіum


3.

4.

Сlostrіdіum perfrіngens

Қойдың брадзоты мен жұқпалы энтеротоксемиясының, ірі қара мал эмфизематоздық карбункулдың

Сlostrіdіum hovyі


Сlostrszzdіum oedematіens

Сlostrіdіum septіcum

Сlostrіdіum hystolytіcum

5.

Fysobacterіum necrophum

некробактериоздың

6.

Eryіspelothrіx іnsіdіosa

шошқа тілмелері

7.

8.

Leptospіra Pomona

лептоспироздың 

Leptospіra Trassovі

Leptospіra Hebdomatіs

Leptospіra Gryppoyphosa


Leptospіra Icterrohaemorragіae

Leptospіra Canіcola


9.

Mycobacterіum paratuberculesus

паратуберкулездің

10.

Clostrіdіum tetanі

сіреспенің

11.

Clostrіdіum botulіnum

ботулизмнің

12.

Yersіnіa pseudotuberculosіs

жалған туберкулездің

13.

Pasteurella multocіda

пастереллездің

14.

Campylobacter fetus

кампилобактериоздың

15.

Brucella ovіs

қойлардың жұқпалы эпидидимитінің

16.

Borrelіa hyodysenterіa

шошқа дизентериясының


IV патогенді топ

1.

Staphіlococcus

стафилоккоздың

2.

Streptococcus egvі

жылқының сақау ауруының

3.

Escherіchіa colі

колибактериоздың

4.

Haemophіlus

шошқаның гемофилездік ауруының

5.

Dіplococcus lanceolatus

қозылардың диплоккозының

6.

Mycoplasma agalactіae

қойлардың жұқпалы агалактиясының

7.

Mycoplasma gallіseptіcum

респираторлық микоплазмоздың

8.

Mycoplasma hyopneumonіae

энзоотиялық пневмонияның

9.

Bacіllus Larvae

аралардың Америкалық іріңдерінің

10.

Peptostreptococcus pluton

аралардың Еуропалық іріңді ауруларының


Риккетсиялар


II патогенді топ

1.

Cowdrіa burnetі

Ку қызбасы

2.

Cowdrіa rumіnantіum

гидроперикардиттің


Грибоктар


II патогенді топ

1.

Hіstoplasma farcіmіnosum

эпизоотиялық лимфангиттің

2.

Candіda albіcans

кандидамикоздың

3.

Blastomyces dermatіtіdes

бластамикоздың

III патогенді топ 

1.

Aspergіllus fumіgatus

аспергиллездің

2.

Actіnomyces bovіs

актиномикоздың

3.

Trіchophyton favіforme
Trіchophyton gypseum
Trіchophyton egvuіnum

трихофитияның

4.

Mіcrosporum egvuіnum
Mіcrosporum gypseum
Mіcrosporum lanosum
Mіcrosporum nfnum

микроскопияның

IV патогенді топ 

1.

Botryomyces ascoformans

ботриомикоздың

2.

Stachybotrus altemans

стахиботриотоксикоздың

Вирустар 

I патогенді топ 

1.

Pіcornavіrіdae
Aphthovіrus тегі

аусылдың

2.

Paramyxovіrіdae
Paramyxovіrіs тегі

ірі қара мал обасының

3.

Togavіrіdae
Pestіvіrus тегі

шошқаның классикалық обасының

4.

Irіdovіrіdae

шошқаның африкалық обасының

5.

Poxvіrіdae
Caprіpoxvіrus тегі

қойлар мен ешкілер шешегінің

6.

Paramyxovіrіdae
Paramyxovіrіs

ньюкаслск ауруларының

7.

Reovіrіlae
Orbіvіrus тегі

қойлардың катаральдық қызбасының

8.

Orthomyxovіrіdae
Influenzavіrus тегі

құстар тұмауының

9.

Rhabdovіrіdae
vesіculovіrus тегі

везикулярлық стоматиттің

II патогенді топ 

1.

Paramyxovіrіdae
Буынаяқтылар обасының вирусы

буынаяқтылар обасының

2.

Rhabdovіrіdae
Lyssavіrus тегі

құтырманың

3.

Retrovіrіdae

жылқының жұқпалы анемиясының

4.

Togavіrіdae
Alphavіrus тегі

жылқының жұқпалы энцефаломиелитінің

5.

Orthomyxovіrіdae
Influenzavіrus тегі

жылқы тұмауының

6.

Herpesvіrіdae
Жылқының ринопневмониясының вирусы

жылқының ринопневмониясының

7.

Herpesvіrіdae

Ауески ауруының

8.

Coronavіrіdae
Coronavіrus тегі

құстардың жұқпалы бронхитінің

9.

Coronavіrіdae

шошқаның трансмиссиялық гастроэнтериттің

10.

Bіrnavіrіdae

Гамбора ауруының (жұқпалы бурситтің)

11.

Herpesvіrіdae

Марек ауруының

12.

Herpesvіrіdae

құстардың жұқпалы ларинготрахеитінің

13.

Herpesvіrіdae

үйректер гепатитінің

14.

Paramyxovіrіdae
Paramyxovіrus тегі

ірі қара мал парагриппінің

15.

Poxvіrіdae
Parapoxvіrus тегі

қойлардың контагиоздық эктимінің

16.

Poxvіrіdae
Leporіpoxvіrus тегі

қояндардың миксоматозының

17.

Retrovіrіdae
Oncovіrіdae

ірі қара мал лейкозының


Хламидийлер


II патогенді топ

1.

Chlamydіa psіttacі

орнитоздардың


III патогенді топ

1

Chlamydіa psіttacі var ovіs

қойлардың хламидиоздық түсік тастауының

      Ескерту:
      1. I-II топтағы қоздырғыштардың уыттылық күші әлсіреген штамдары III патогендік тобының микроорганизмдеріне жатады. III-I топты уыттылық күші әлсіреген штамдар I патогендік тобының микроорганизмдеріне жатады.
      2. Жұқтырушыларды: адамды, жылықанды жануарды, тасымалдаушыларды, қоршаған орта объектілерін сыртқы ортаны I-IV¶ топтардағы микроорганизмдерден туындайтын адамдар мен жануарлар ауруларының көздері ретінде есептеу керек.

"І-ІV патогенді топтар   
микроорганизмдерімен жұмыс 
істеу жағдайына қойылатын 
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар" санитарлық-    
эпидемиологиялық ережесі  
мен нормаларына 2-қосымша 

Ұйымдарда биологиялық қауіпсіздік талаптарының
сақталуын бақылау жөніндегі комиссия туралы ереже

      1. Ұйымдарда биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - режимдік комиссия) диагностикалық, ғылыми және өндірістік зертханаларда биологиялық материалмен жұмыс жүргізудің тәртібін бақылайтын атқарушы-консультативтік орган болып табылады.
      2. Биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның жұмысын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Орталық режимдік комиссиясы басқарады.
      3. Комиссия олардың базасында I-III патогенді топтың биологиялық материалмен кез келген жұмыс (диагностикалық зерттеу, өндірістік) түрлерін жүргізетін мекемелерде (кәсіпорындарда) құрылады.
      4. Құрамында биологиялық материалмен жұмыс қауіпсіздігі мәселелерінде құзыретті кемінде 3-5 адам бар комиссияны мекеменің басшысы 50 жыл мерзімге тағайындайды.
      5. Комиссия төрағасы етіп мекеме басшысының эпидемиологиялық мәселелер (ғылым) жөніндегі орынбасарын немесе тиісті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар маманды тағайындайды.
      6. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2692 тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 63 бұйрығымен бекітілген "Микробиология, вирусология және паразитология зертханаларының орналасуына және жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарды және мекеме басшының нұсқауларын басшылыққа алады.
      7. Комиссия әдістемелік мәселелер бойынша мекеме басшысына және оның ғылыми жұмыс жөніндегі, биологиялық материалмен жұмыс істеу қауіпсіздігінің жай-күйі үшін жауапты орынбасарына бағынады.
      8. Обаға қарсы күрес станцияларының режимдік комиссиясы - М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Орталық режимдік комиссияларына бағынады.
      9. Басқа ұйымдардың режимдік комиссияларын - Орталық режимдік комиссия бақылайды.
      10. Диагностикалық, зерттеу және өндірістік жұмыстар жүргізу кезінде биологиялық материалмен жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында комиссия мынадай міндеттерді шешеді:
      1) мекемеде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің регламенттелген тәртібінің сақталуын тұрақты бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
      2) авариялық ахуалдың алдын алуға және олардың салдарын жоюға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүргізу;
      3) персоналдың жұқпалы материалмен жұмыс істеуге дайындығын бақылау және денсаулық жағдайын қадағалауды ұйымдастыру;
      4) тиісті нормативтік құжаттар талаптарының, сондай-ақ мекеме басшысы өкімдерінің (бұйрықтарының) және мекеме комиссиясы ұсыныстарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      5) биологиялық қауіпсіздік жай-күйін талдауды жүргізу және оларды жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін әзірлейді;
      6) биологиялық қауіпсіздік жөніндегі мәселелері жөніндегі есептік және басқа да құжаттаманы дайындайды.
      11. Оған жүктелген міндеттерге сәйкес комиссия мынадай іс-шаралар кешенін жүргізеді:
      1) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің регламенттелген тәртібінің орындалуын жыл сайын жоспарлы және жоспардан тыс мерзімдік бақылауды жүзеге асырады;
      2) персоналды уақтылы диспансерлеуді бақылауды жүзеге асырады, иммундық профилактиканың регламенттелген тәртібін бақылайды, антибиотиктерге аса сезімтал және вакциналауға қарсы айғақтары бар адамдарды есепке алуды жүргізеді;
      3) биологиялық материалмен жұмыс істеу кезінде авария жағдайында мекеменің басшысына оның салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын әзірлейді және ұсынады;
      4) белгіленген қауіпсіздік ережелерінің, оның алғы шарттарының, бұзылуын, авариялар себептерін талдауды жүргізеді және мекеме басшысына биологиялық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарын ұсынады;
      5) биологиялық қауіпті материалмен жұмыс істеуге рұқсат алу (ұзарту) үшін қажетті құжаттаманы ресімдейді;
      6) биологиялық қауіпті материалмен жұмыс істейтін персоналдың биологиялық қауіпсіздігін сақтау мәселелері жөніндегі білімді тексеруді жүргізеді;
      7) қызметкерлердің белгіленген бару тәртібін бақылайды;
      8) комиссияның жұмыс туралы есебін дайындайды және оны қадағалау функцияларын жүзеге асырушы мекемеге ұсынады;
      9) мекеме басшысы бекіткен жұмыс жоспарын және қажеттігі оның міндеттерімен және функцияларымен анықталатын өзге де құжаттарды жасайды.
      12. Өз міндеттерін тиімді іске асыру мақсатында комиссия:
      1) бөлімшелердің басшылары мен жекелеген адамдардың биологиялық қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде орындауын үйлестіреді;
      2) мекеме басшының алдында болған бұзушылықты жою туралы өтініш жасайды;
      3) өзіндік немесе басқа да білікті мамандарды тарта отырып, мекемеде биологиялық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді жүргізеді;
      4) биологиялық қауіпсіздік ережелерінің орындалуы мүмкін болмаған жағдайда немесе оларды бұзған жағдайда биологиялық қауіпті материалмен жұмысты тоқтата тұру туралы мекеме басшысына өтініш жасайды;
      5) биологиялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етпейтін жаңа зертханалық әдістемелерді, жабдықтардың түрін, дезинфектанттар мен т.с.с. пайдалануды немесе тыйым салуды тоқтату туралы рұқсат берген мекеменің алдында дәлелденген өтініш жасайды;
      6) комиссия отырыстарында бөлімше басшыларын, мекеме қызметкерлерін тыңдайды.

                                         "І-ІV патогенді топтар
                                       микроорганизмдерімен жұмыс
                                       істеу жағдайына қойылатын
                                      санитарлық-эпидемиологиялық
                                         талаптар" санитарлық-
                                       эпидемиологиялық ережесі
                                       мен нормаларына 3-қосымша

        Жұмыс коллекциясындағы ПБА-ны есепке алу журналы

Бастапқы есепке алу құжаттамасы
Мекеменің атауы ___________________________________________________
Бөлімнің, бөлімшенің атауы ________________________________________
Зертхананың атауы _________________________________________________
Уақытша құрылымның атауы __________________________________________
Сақтау мерзімі 3 жыл  __________________________________  -ға дейін
басталды __________________________________________________________
аяқталды __________________________________________________________

Штамның
N

Микроорга-
низмнің
атауы

Зерттеу
мақсаты

Штамм
қайдан
алынды

Алынған
күні,
айы, жылы

Жою
туралы
белгі

Қолы

1

2

3

4

5

6

7

      Ескерту: Баспахана үшін құжат А4 форматында 96 бетте
дайындалады.

                                         "І-ІV патогенді топтар
                                       микроорганизмдерімен жұмыс
                                       істеу жағдайына қойылатын
                                      санитарлық-эпидемиологиялық
                                         талаптар" санитарлық-
                                       эпидемиологиялық ережесі
                                       мен нормаларына 4-қосымша

          I-I¶топтағы патогенді биологиялық агенттерді
               уақытша сақтауға тіркеу журналы

Бастапқы есепке алу құжаттамасы
Мекеменің атауы ___________________________________________________
Бөлімнің, бөлімшенің атауы ________________________________________
Зертхананың атауы _________________________________________________
Уақытша құрылымның атауы __________________________________________
Сақтау мерзімі 3 жыл  __________________________________  -ға дейін
басталды __________________________________________________________
аяқталды __________________________________________________________

Күні

Штам-
ның
түрі
және
N

Объек-
тінің
атауы

Штамды
тапсы-
рушының
Т.А.Ә.

Мөр
та-
баны
және
N

Штам-
ды
тап-
сыру-
шының
қолы

Штам-ды
қа-
был-
дау-
шы-
ның
Т.А.Ә
және
қолы

Штам-ды беру күні

Штам-ды
беру-
шінің қолы

Штам-
ды
қа-
был-
дау-
шыныңқолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

                                         "І-ІV патогенді топтар
                                       микроорганизмдерімен жұмыс
                                       істеу жағдайына қойылатын
                                      санитарлық-эпидемиологиялық
                                         талаптар" санитарлық-
                                       эпидемиологиялық ережесі
                                       мен нормаларына 5-қосымша

        Депонирлендірілген ПБА штамдарын тіркеу журналы

Бастапқы есепке алу құжаттамасы
Мекеменің атауы ____________________________________________________
Бөлімнің, бөлімшенің атауы _________________________________________
Зертхананың атауы __________________________________________________
Уақытша құрылымның атауы ___________________________________________
Сақтау мерзімі 3 жыл    ___________________________________-ға дейін
басталды____________________________________________________________
аяқталды____________________________________________________________

Р/с
N

өті-
ніш-
тің
келіп
түс-
кен
күні

Автор-
дың
Т.А.Ә.

Депо-
нир-
лен-
діру-
ге
кім
рұқ-
сат
берді

Штам-
ның
түрлік атауы

Штам-
ның N

Объек-
тілер-
дің
саны

Штам-
ның
ерек-
ше-
лік-
тері

Штам-
ды
қа-
был-
дап
алды

N
бе-
рілді

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

                                         "І-ІV патогенді топтар
                                       микроорганизмдерімен жұмыс
                                       істеу жағдайына қойылатын
                                      санитарлық-эпидемиологиялық
                                         талаптар" санитарлық-
                                       эпидемиологиялық ережесі
                                       мен нормаларына 6-қосымша

     Коллекциялық ПБА штамының жеке карточкасының N ________

Бастапқы есепке алу құжаттамасы
Биологиялық патогеннің атауы________________________________________
Мүккәммал кітабы бойынша N _________________________________________
Бөліну объектісі мен күні___________________________________________
Бөліну орны_________________________________________________________

Зер-
делеу
күні

Орталар-
да өсу
морфоло-
гиясы

Жағын-
дылар-
дағы
морфо-
логия

Биологиялық
қасиеттері

Виру-
лент-
тілігі

Басқа
да қа-
сиеттері

1

2

3

4

5

6

Ескерту:
2, 3, 4, 5, 6-бағандарды биологиялық патогеннің түрлері мен ерекшеліктеріне қарай проблема бойынша басты институт таңдайды және толтырады.

                                         "І-ІV патогенді топтар
                                       микроорганизмдерімен жұмыс
                                       істеу жағдайына қойылатын
                                      санитарлық-эпидемиологиялық
                                         талаптар" санитарлық-
                                       эпидемиологиялық ережесі
                                       мен нормаларына 7-қосымша

                      ______________________
                             (ұйымның)
             микроорганизмдер коллекциясындағы ПБА
                   қозғалысы туралы мәліметтер

Р/с
N

Қоз-
дыр-
ғыш-
тар
(тер-
гі,
түрі)

Бастал-
ғанда
штамдар
саны

Штамдар
келіп
түсті

Штамм
берілді

жой-
ылды

Аяқталғанда
штамдар
саны

жыл

тоқ-
сан

ме-
кен-
жайы

са-
ны



жыл

тоқ-
сан

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

                                         "І-ІV патогенді топтар
                                       микроорганизмдерімен жұмыс
                                       істеу жағдайына қойылатын
                                      санитарлық-эпидемиологиялық
                                         талаптар" санитарлық-
                                       эпидемиологиялық ережесі
                                       мен нормаларына 8-қосымша

                         _______________________
                                (ұйымның)
                  микроорганизмдер коллекциясында ПБА-ның
                          болуы туралы мәліметтер

Р/с
N

Қоз-
дыр-
ғыш-
тың
атауы

Бө-
лі-
ну
кү-
ні

Ме-
кен-жа-
йы

Бө-
ліну
көзі

Штамдар тағдыры

Бе-
ріл-
ді

Ме-
кен-
жайы

Жой-
ылды

Кү-
ні

Сақ-
тал-
ды

Объек-
тілер-
дің
саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11