Кемелердің портқа кіру мен порттан шығу, порт акваториясы шегінде кемелердің жүзу мен портта тұру, сондай-ақ тасымалдаушылардың технологиялық байланысты пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 217-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 15 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3733. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2010.12.31 № 352 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы азаматтарын құжаттандыру жүйесін жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу Ережесінің әділет органдарының қолдануы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3513 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74  бұйрығына мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      19-тармағы мынадай мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
      "Азаматтардың өтініші бойынша, жеке басты куәландыратын құжатты қысқалау мерзімде алу үшін, құжаттарды ақылы негізде жеделдетіп әзірлеуді қолдану мүмкін.";
      21-тармақтағы "10" деген цифрлар "15" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы