Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеу және қолдану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 173-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3732. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі N 165-Ө Бұйрығымен

       Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007.07.19.  N 165-Ө  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      Заңнамаға сәйкес Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының негізінде қызметкерлерге біліктілік талаптарын және жұмыстардың белгілі түрлерінің күрделілігін белгілеу мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеу және қолдану ережесі бекітілсін.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру және еңбекақы төлеу департаменті (Г.К.Қайсенова) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы       
Еңбек және халықты әлеуметтік   
қорғау министрінің         
2005 жылғы 30 маусымдағы      
N 173-ө бұйрығымен бекітілген  

  Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен Басшылардың,
мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының
біліктілік анықтамалығын әзірлеу және пайдалану
ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  70-бабына  сәйкес әзірленді және Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеудің және пайдаланудың тәртібін белгілейді.

      2. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын жұмыс берушілер пайдаланады және белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігін белгілеу, қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу және біліктілік разрядтарын тарифтік-біліктілік сипаттамаларға сәйкес беру, жұмысшылар кәсіптерінің және қызметшілер лауазымдарының атауларын дұрыс анықтау үшін арналған.

      3. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      лауазым - жұмыс берушінің нормативтік құқықтық актілермен лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген құрылымдық бірлігі;
      лауазымдық нұсқаулық - ұйымда белгілі лауазымы бар қызметкердің орындауға тиіс өкілеттіктерінің, міндеттерінің, жұмыстарының шеңберін көрсететін нұсқаулық;
      біліктілік разряды - қызметкердің атқаратын жұмыстарының күрделілігін көрсететін біліктілік деңгейі;
      біліктілік талаптары - қызметкерге жүктелген міндеттерді атқару үшін қажетті оның кәсіптік даярлығының деңгейі мен бейінін, мамандығы бойынша жұмыс стажын белгілеу мақсатында, қойылатын талаптар;
      кәсіп - білім туралы тиісті құжаттармен расталатын адамның кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі;
      жұмыстар разряды - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының басылымдарында болатын жұмысшы кәсіптерінің біліктілік сипаттамалары негізінде, атқарылатын жұмыстың мазмұнын тиісті жұмыстармен - біліктілік сипаттамаларында суреттелген ұқсас жұмыстармен, ал қажет болған жағдайда жұмыс беруші қосымша әзірленген жұмыстар үлгілерінің тізбесімен салыстыру (теңестіру) арқылы белгіленетін жұмыстар күрделілігінің деңгейі;
      еңбектің күрделілігі - еңбек процесін қызметкерлердің жұмысты атқару үшін қажетті біліктілігіне тиісті талаптар қойылуын белгілейтін мазмұны (атқарылатын функцияларын) жағынан объективті сипаттау; білікті еңбектің айрақшалау белгісі, оның мәні; творчестволық элементтердің, жоғары жауапкершілік пен жұмыста басшылық функциясының болуымен анықталады. Біліктілік разрядтары мен санаттары жұмыстың күрделілігі мен қызметкердің біліктілік деңгейінің көрсеткіштері болып табылады;
      еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеудің, еңбекті қорғаудың және нормалаудың шарттары, жұмыс режимі, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқарудың мүмкіндігі мен тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша жеке еңбек және ұжымдық шарттардың өзге де жағдайлары.

  2. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
әзірлеу және пайдалану

      4. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер ынтымақтастығы шеңберінде Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңес шешімдерінің негізінде, сондай-ақ ғылыми ұйымдармен әзірленеді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітіледі.

      5. Жұмысшылардың жаңа кәсіптері пайда болуына қарай Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына еңбек жөніндегі уәкілетті орган өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырады.

      6. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында жұмысшылардың кәсіптері мен жұмыстарының, өндірістер мен жұмыстардың түрлері бойынша тарауларға топтастырылған тарифтік-біліктілік сипаттамалары бар. Тектес өндірістер мен жұмыс түрлері бойынша тараулар, (экономикалық қызмет түрлеріне жатқызу белгісі бойынша) оларға берілген нөмірлермен анықтаманың жеке басылымдарына біріктіріледі.
      Атқарылатын жұмыстардың разрядын анықтау тарифтік-біліктілік сипаттамаларда келтірілген жұмысшылардың жұмыстардың мазмұнын суреттелуіне сәйкес олардың күрделілігіне қарай және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру - жұмысшылардың біліктілік деңгейіне қойылатын тарифтік-біліктілік сипаттама талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      7. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы басылымдарының құрылымы бірыңғай және онда: анықтаманың осы немесе өзге басылымында жұмыстар мен өндірістердің қандай түрлері қамтылғаны, оны қай ұйымның әзірлегені, жалпы сипаттағы басқа да мәліметтер: жұмысшылар кәсіптерінің разрядтар бойынша тарифтік-біліктілік сипаттары; кәсіптердің алфавиттік сілтемесі мен өзгертілген кәсіптер атауларының тізбесі, анықтаманың бұрынғы қолданыста болған басылымдары бойынша олардың атаулары көрсетілген кіріспе болады.

      8. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығындағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттары қалыптасқан еңбек бөлінісіне, техникаға, технологияға қол жеткізу деңгейіне және еңбек пен өндірісті ұйымдастыруға орай 1-ден бастап 8 разряд бойынша диапазондағы жұмыс күрделілігі бойынша әзірленді және топтастырылды. Экономикалық қызмет түрлерінің барлық бөлігіндегі жұмыстың негізгі көлемі бірінші алты разрядқа, ал жетінші және сегізінші разрядқа жоғары күрделі жекелеген жұмыстар жатады.

      9. Анықтамалықта келтірілген жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары разрядтар бойынша, әдетте, үш тараудан: "Жұмыстардың сипаттамасы", "Білуге тиіс", "Жұмыс үлгілері" тарауларынан тұрады.
      "Жұмыстардың сипаттамасы" тарауында жұмысшы атқара алуға тиісті осы кәсібі мен осы разряды үшін барынша типті негізгі жұмыстың суреттемесі болады. Бұл жұмыстардың суреттемесі еңбек процесін түзетін: технологиялық процесті тікелей жүргізуге дайындық операцияларын, жабдықты күту және жұмыс орынын ұстау жөніндегі жұмысшының технологиялық процесті тікелей жүргізу жөніндегі әрекеттерін, олардың параметрлерін, сатылары мен қысқаша техникалық сипаттамалары көрсетіле отырып жұмысшы атқаратын еңбек функциялары тарауында беріледі.
      "Білуге тиіс" тарауында "Жұмыстардың сипаттамасы" тарауында көрсетілген жұмыстарды сапалы атқару үшін қажетті, яғни еңбек құралдарын, еңбек жабдықтарының технологиялық және сындарлы ерекшеліктерін, технологиялық процестің реті мен сатыларын, жұмысшы біліктілігіне қойылатын негізіне талаптар, сондай-ақ атқарылатын жұмыстың айрықшалығы мен күрделілігінен туындайтын арнаулы білім талаптары беріледі. Аса күрделі, алтыншы және одан да жоғары разрядтарға сәйкес келетін жұмыстарды атқарушы жұмысшылардың жекелеген кәсіптері бойынша "Білуге тиіс" тарауында кәсіптік білім деңгейіне қойылатын орта кәсіптік білімнің міндеттілігі талаптар келеді. Жұмысшылардың кәсіптік разрядтар беру кезінде белгіленуі мүмкін.
      "Жұмыс үлгілері" тарауында осы кәсіп пен жұмыстардың разрядына анағұрлым үйлесімді жұмыстардың тізбесі келтіріледі. "Жұмыстардың сипаттамасы" тарауында атқарылатын жұмыстардың суреттемесі жеткілікті түрде толық берілген жағдайларда, біліктілік сипаттамаларында "Жұмыс үлгілері" тараулары келтірілмейді.

      10. Жұмысшылардың нақты кәсіптерінің тарифтік - біліктілік сипаттамалары, біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшының оған берілген разрядтың біліктілік сипаттамаларында көрсетілген жұмыстардың басқа, осы кәсіптің бұдан біліктілігі төмендеу жұмысшылардың тарифтік - біліктілік сипаттармаларында көзделген жұмыстарды атқаруы үшін қажетті білімі, машығы мен іскерлігі болуы ескеріле отырып әзірленген.
      Жекелеген кәсіптердің төменгі разрядтағы жұмыстарының сипаттамаларында, технологиялық процесті жүргізу немесе жекелеген жұмыстарды атқару анағұрлым жоғары білікті жұмысшының басшылығымен жүргізілетіні бар. Мұндай жағдайларда анағұрлым жоғары разряды бар жұмысшы осы кәсіптегі анағұрлым разряды төмен технологиялық процестерді жүргізуді ұйымдастыра білуі тиіс.

      11. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында келтірілген тарифтік-біліктілік сипаттармаларында негізгі, жұмысшылар кәсіптері бойынша неғұрлым типті жұмыстардың суреттемесі болады. Осыған байланысты бұл сипаттамалар технологиялық карталармен, жұмысшы нұсқаулықтарымен немесе жұмыстың әрбір жұмыс орнындағы орындалуының нақты мазмұны, ауысымды қабылдау және тапсырумен, жабдықтарды, құралдарды, құрылғыларды жұмысқа уақытында даярлау және оларды тиісінше ұстаумен, белгіленген құжаттаманы жүргізумен, өзінің жұмыс орынын жинаумен байланысты жұмыстарды қоса, көлемі мен тәртібі баяндалатын басқа да құжаттармен толықтыра алады.

      12. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының бірқатар тарауларының әрбір кәсіп пен разрядтың тарифтік-біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыс үлгілері осы кәсіп пен және осы разряд жұмысшысы өндірістің нақты жағдайларында атқара алатын және атқаруы тиіс жұмыстарды толық қамти алмайды. Сондықтан, жұмыс беруші қажет болған жағдайларда өндіріс айрықшалылығын ескере отырып, атқару күрделілігі бойынша осыған ұқсас разряд жұмысшыларының тарифтік-біліктілік сипаттармаларында болатын жұмыстарға сәйкес жұмыстардың қосымша тізбелерін әзірлейді. Жұмыстардың қосымша түрлері жеке еңбек шартын жасасу кезінде келісілуі мүмкін.

      13. Жұмысшылардың жекелеген кәсіптік топтары мен кәсіптеріне, олардың еңбек айрықшалылығына қарай, ерекше талаптар қойылады.
      Машиналар мен механизмдерді басқарумен және оларға қызмет көрсетумен тікелей айналысатын жұмысшылар, мысалы, машинистер, мотористер, жүргізушілер, тракторшылар, реттеушілер, краншылар, электр монтерлері, жөндеушілер, монтажшылар, машинада істейтін құюшылар, аппаратшылар және тағы басқалары атқарылатын жұмыс жағдайлары бойынша жұмыс процесінде болатын жабдықтардың, машиналардың және механизмдердің ағымдық сипаттағы ақауларын өздігінен жөндеуі және оларды жөндеуге қатысу алуы үшін жеткілікті көлемде слесарлық істі меңгерген болуы тиіс.
      Көлік қозғалысымен, жарылыс жұмыстарымен, жарылыс материалдарын және улы заттарды қолданумен, көтеру-көлік жабдықтарына, қазандық қондырғыларына, қысыммен жұмыс істейтін аппараттар мен ыдыстарға қызмет көрсетумен байланысты немесе қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарда атқарылуына ерекше талаптар көзделген басқа да жұмыстарда істейтін жұмысшылар бұл ережелер мен нұсқаулықтарды білуге және сақтауға тиіс және қажет болған жағдайларда өздерінің тиісті даярлықтан өткендері туралы құжаттары болуы керек.

      14. Біліктілік сипаттамаларындағы кәсіптер мен разрядтар бойынша жұмысшылардың теориялық және практикалық білімдеріне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшылар жұмысты атқару кезінде еңбекті ұйымдастыруға, атқарылатын жұмыстың сапасына қойылатын талаптарды, сондай-ақ еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелерін сақтайды.

      15. Жабдықтар іске толық қосылған кездегі жұмыс разрядтарын белгілеу Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының әр басылымындағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары негізінде, атқарылатын жұмыстың мазмұнын тарифтік-біліктілік сипаттамаларда суреттелген ұқсас жұмыстармен ал қажет болған жағдайда жұмыс беруші қосымша әзірлеген жұмыс үлгілерінің тізбелерімен салыстыру (теңестіру) арқылы жүргізіледі.
      Өнімділігі тиісті кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында көзделген және жұмыс разрядтарымен (мысалы, машинистердің, операторлардың және басқалардың) байланыстырылған жабдықтар толық емес көлемде қосылған кезде жұмыстардың разряды жабдықтың паспорттық өнімділігі бойынша белгіленеді.

      16. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын жұмыс берушілер жұмысшыға, жұмысшының кәсіптік даярлығының немесе кәсіптік білімінің деңгейімен, оның дербес атқаратын жұмысының күрделілігімен байланысты біліктілік разрядын беру немесе оны көтеру туралы мәселені шешкен кезде қолданады.
      Бұл ретте, жекелеген жағдайларда Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес орта кәсіптік білім талап етілетін кәсіптер бойынша жоғары біліктілік разрядтары мұндай білімі жоқ, бірақ талап етілетін білім деңгейі мен жоғары кәсіптік шеберлігі бар жұмысшыларға берілуі мүмкін.
      Жаңа Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы немесе өндірістің тиісті айрықшалығына сәйкес қолданылып жүрген анықтамалықтың жаңа тараулары енгізілген, өндіріс бейіні өзгерген, жаңа технологияларға көшкен, өндіріс жаңғыртылған кезде жұмысшылар мен жұмыстардың разрядтарын қайта қарауды жүзеге асыру үшін жаңа Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының өндіріс айрықшалығына сәйкес келетін тарифтік-біліктілік сипаттамалары пайдаланылады.

      17. Барлық құжаттардағы жұмыс туралы жазулар тек қана Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының басылымдарымен қабылданған кәсіптер атауларына сәйкес жазылуға тиіс.

      18. Жаңадан пайда болған кәсіптер бойынша жұмысшылардың біліктілік разрядтарын беру, олар белгіленген тәртіппен Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына енгізілгенге дейін, қолданылып жүрген Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында бар ұқсас кәсіптер мен жұмыстардың атаулары мен біліктілік сипаттамаларына қатысты жүргізіледі.

  3. Басшылардың, мамандардың және басқа да
қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын
әзірлеу және пайдалану

      19. Экономикалық қызметтің кез келген түрлері үшін жалпы болып табылатын Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бұйрығымен бекітеді.

      20. Тиісті экономикалық қызметтегі Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын осы қызмет түріндегі орталық атқарушы орган әзірлейді және еңбек жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша бекітеді.

      21. Қызметшілердің жаңа кәсіптері мен лауазымдары пайда болуына қарай Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына еңбек жөніндегі уәкілетті орган және (немесе) еңбек жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша оларды бекіткен орган өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырады.

      22. Экономикалық қызметтің кез келген түрлері үшін жалпы болып табылатын Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде экономикалық қызметтің кез келген түрлері үшін жалпы және ұйымдарда кеңінен қолданылатын басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары беріледі. Екінші бөлімде ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалау және іздестіру ұйымдарында, сондай-ақ редакциялық-баспа ұйымдар мен бөлімшелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары бар.

      23. Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығын басшылар, мамандар және жұмыс беруші қызметшілерінің біліктілік сипаттамаларын қамтиды және қызметкерлердің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілік шараларын белгілейтін лауазымдық нұсқауларды әзірлеу үшін, жұмыс берушінің басқару жүйесінде, кадрларды іріктеу және орындарын ауыстыру кезінде, ұтымды орналасуын және олардың мамандығы мен біліктілігіне қарай тиімді пайдалануын басқалау кезінде, сондай-ақ басшылар мен мамандарды аттестациялау кезінде олардың рөлі мен орнын айқындайтын, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді жасау үшін негіз ретінде пайдаланылады.

      24. Әрбір лауазымның біліктілік сипаттамасы үш бөлімнен тұрады. "Лауазымдық міндеттері" деген бөлімде осы лауазымды атқарып отырған қызметкерге, қызметкерлерді оңтайлы мамандандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігін беретін, жұмыстардың технологиялық ұқсастығы мен өзара байланысты болуын ескере отырып, толық немесе ішінара тапсыруға болатын еңбек функциялары аталады.
      "Білуге тиісті" деген бөлімде қызметкерге арнайы біліміне, сондай-ақ заң және нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқауларды және қызметкер лауазымдық міндеттерін орындаған кезінде қолдануға тиісті басқа да материалдары, әдістер мен құралдарды білуіне қатысты қойылатын талаптар көрсетіледі.
      "Біліктілігіне қойылатын талаптар" деген бөлімде қызметкердің жұмыс стажына байланысты көзделген міндеттерді және қойылатын талаптарды орындауға қажетті кәсіби даярлық деңгейі белгіленеді.

      25. Лауазымдардың біліктілік сипаттамаларында негізгі, кеңінен тараған жұмыстардың тізбесі келтірілген. Қызметкердің лауазымдық міндеттерінің нақты тізбесі ішкі ұйымдық-өкім шығару құжаттарында: жұмыс беруші әзірлейтін және белгіленген тәртіппен бекітілетін лауазымдық нұсқаулықта белгіленеді.