Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай коммерциялық вексельдермен операцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 21 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3684

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07.  N 116  Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қазандағы
N 1050 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903  қаулысына  мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта:
      5-тармақта "мөлшерiнде" деген сөзден кейiн ", интерндерге айлық есептiк көрсеткiштiң 5,5 есе мөлшерiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақта "мен интерндерге" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі