Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 121-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3602. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007.05.24. N 160-ө (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 15.08.2013 № 615 Жарлығымен (01.10.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық
заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрi демократияландыру, халықты елiмiзде жүргiзiлiп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершiлiгi мен есептiлiгін арттыру, халықты мемлекеттiк басқару процесiне кеңiнен тарту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Барлық деңгейдегi әкiмдер жыл сайын бiрiншi тоқсанның iшiнде халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзсiн, оның барысында елiмiзде жүргiзiлiп жатқан реформалардың iске асырылуы, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өткен жылда әлеуметтiк-экономикалық дамуы, оны одан әрi дамытудың мiндеттерi мен негiзгi бағыттары туралы хабардар етсiн.

      2. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерi есеп беру кездесулерi өткен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей оның нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлігін және Yкiметiн хабардар етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi есеп беру кездесулерiнiң қорытындылары бойынша тиiстi шараларды қолдансын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті