Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты табыс ету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы N 36 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3519. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 166 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы N 351 бірлескен бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.17 N 02-01-02/96 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3339 тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
      Жоғарыдағы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесінде:
      2 тарауды келесі мазмұндағы ескертумен толықтыру:
      "Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Алматы қаласындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аумақтық орталығында жүзеге асырылуы мүмкін".
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға