Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердiң о

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 36 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3514. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.17 N 02-01-02/96 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3339 тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
      Жоғарыдағы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесінде:
      2 тарауды келесі мазмұндағы ескертумен толықтыру:
      "Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Алматы қаласындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аумақтық орталығында жүзеге асырылуы мүмкін".
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға