"Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар портфелінің құрылымы және екінші деңгейдегі банктердің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын ж

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 16 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 10 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3482. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 130 Қаулысымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 маусымдағы N 648  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. "Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар мынадай:
      1) радиожиілік спектр мен радиоэлектронды құралдар мониторингі жүйесіне инженерлік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі;
      2) телекоммуникациялық спутникті, ғарыш аппараттарын жерден ілеспе басқару кешенін және байланыс мониторингі жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды техникалық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді беруші болып белгіленсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі