"Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 432 бұйрығын

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 17 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылда 22 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3454. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 644 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.09.22 № 1066 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

     1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

     жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет туралы ережеде:
     1-тармақ "уақтылы атқаруды" деген сөздерден кейін "және жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды" деген сөздермен толықтырылсын;

     11-тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
     "16) жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.".

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
     Президенті