Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы N 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3420. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсалық сақтау министрінің 2007 жылғы 12 ақпандағы N 97 бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде N 3267 болып тіркелген "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 815  бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесінде:
     1-тармақ ", жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Қаржы департаменті (Литвиненко Т.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
     3. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

     Министрдің
     міндетін атқарушы