"Қостанай қаласындағы аумақты көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығрып тастау ережелері мен Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" Қостанай қалалық мәслихатыны

Қостанай облысы Қостанай қалалық мәслихатының 2004 жылғы 17 ақпандағы № 33 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 1 наурызда № 2784 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2012 жылғы 23 ақпандағы № 27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2012.02.23 № 27 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. "Қостанай қаласындағы аумақты көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау ережелері мен Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2003 жылғы 13 маусымдағы № 254 шешіміне (тіркеу нөмірі 2344, 2003 жылғы 31 шілдедегі № 86 "Қостанай" газеті) өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің 1-қосымшасына комиссия құрамына енгізілсін:
      Ерунович Евгений Владимирович, қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
      Ким Владимир Арсентьевич, "Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
      Комиссия құрамынан шығарылсын:
      Полешко Валерий Афанасьевич, Қитаров Болат Аяпбергенұлы.
      2. Осы шешім Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы