Ақмола облысы Әділет департаментінде 2004 жылғы 27 наурызда N 2381 тіркелген Ақмола облысы әкімінің 2004 жылғы 17 наурыздағы "Сотталғандардың жалпы орта білім алу құқығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" N 19 шешіміне қосымшалар енгізу туралы

Ақмола облысы әкімінің 2004 жылғы 25 маусымдағы N 34 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 01 шілдеде N 2662 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 22.04.2013 № 11 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңына cәйкес облыс әкiмi ШЕШТI:
      1. Ақмола облысы әкiмiнiң 2004 жылғы 17 наурыздағы "Сотталғандарды жалпы орта бiлiм алу құқығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы"»N 19 (N 2381)  шешiмiне мына қосымшалар енгiзiлсiн:
       2 тармақта "Атбасар"»деген сөзден кейiн "Аршалы"»деген сөз қосылсын;
      тармақша мына мазмұнда толықтырылсын:
     «"5) ЕЦ-166/5 Мекемесiнің N 5 жалпы бiлiм беретiн кешкi (ауысымдық) орта мектеп мемлекеттiк мекемесi Аршалы аудандық оқу бөлiмi";
      5 және 6 тармақтарда "Атбасар" деген сөзден кейiн "Аршалы"»деген сөз қосылсын.
      2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет Департаментiнде тiркелген соң күшiне енедi.

      Облыс әкімі