«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (Оспанов К.С) және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеттері (С.А. Баймұқанов) бір апта мерзімінде осы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және олар бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына хабарласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 24 мамырдағы
№ 377 бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы күші жойылатын кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қазандағы № 766 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2556 болып тіркелген, «Ресми газет» 2003 жылғы 6 желтоқсан № 49 (153) жарияланған).
2. «Қазақстан Республикасындағы қышыма кезіндегі профилактика және дезинфекция жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы№ 48 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2682 болып тіркелген, «Ресми газет» 2004 жылғы 28 ақпан № 9 (165) жарияланған).
3. «Актілердің, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандарын және Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерді жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № 178 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2737 болып тіркелген, «Ресми газет» 2004 жылғы 10 сәуір № 15(171) жарияланған).
4. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № 178 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 482 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3879 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 16 қараша, № 148 (772) жарияланған).
5. «Актілердің, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандары мен Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерді жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № 178 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 18 қазандағы № 489 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4460 болып тіркелген, «Заң газеті» 2006 жылғы