Бюджеттік кредитті беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 415 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3261. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 7 шілдедегі N 293 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.07.07 N 293 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет  Кодексінің  180-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік кредитті беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Мемлекеттік борыш және кредит беру департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр

"Бюджеттік кредитті беру  
кезінде қажетті құжаттардың 
тізбесін бекіту туралы"  
Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
2004 жылғы 23 қарашадағы   
N 415 бұйрығымен бекітілді 

Бюджеттік кредитті беру кезінде қажетті
құжаттардың тізімі

      1. Бюджеттік кредитті алу үшін ықтимал қарыз алушылар - жеке тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
      1) жеке тұлғаны растайтын нотариалды түрде куәландырылған құжаттың көшірмесі;
      2) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      3) бұрын берілген бюджеттік кредит жөнінде берешегі жоқ екендігі жөніндегі құжат;
      4) ұйғарылып отырған кепілзатты қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепілзат мүлігіне басқа ауыртпалық жоқ екендігін растайтын құжат;
      Сенім білдірген адам (агент) бюджеттік кредитті алуға қажетті қосымша құжаттарды белгілеуі мүмкін.
      2. Бюджеттік кредиттерді алуға конкурсқа қатысу үшін ықтимал банктер - қарыз алушылар мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
      1) алдыңғы қаржылық жылға және соңғы есепті кезеңге арналған жағдай бойынша ажырату қосымшасымен бірге, оның ішінде дебиторлық және кредиторлық берешек мағынасын аша отырып, бухгалтерлік баланс;
      2) алдыңғы қаржы жылына және соңғы есепті кезеңнің жәй-күйі бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
      3) алдыңғы қаржы жылына және соңғы есепті кезеңнің жәй-күйі бойынша пайдалар мен шығындар туралы есеп;
      4) алдыңғы қаржы жылына тәуелсіз аудитордың қорытындысы;
      5) ұйғарылып отырған кепілзатты қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепілзат мүлігіне басқа ауыртпалық жоқ екендігін растайтын құжат;
      6) салық және бюджетке төленген басқа да міндетті төлемдер жөніндегі қарыздың жоқтығы туралы құжат;
      7) соңғы қарыз алушының бюджеттік кредиттеу кезінде алынатын маржа туралы құжат.
      Қажет болған жағдайда қосымша ықтимал банктің - қарыз алушының құрылтай құжаттары, кредиттік саясат туралы құжат және бюджеттік кредитті алуға қатысы бар басқа құжаттар сұралуы мүмкін.