Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 299 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3239. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 191 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 191 Қаулысымен.

      "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 43 және  44-баптарына , "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 142  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2342 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 12 басылымдарында 2003 жылғы 2-15 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспеде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздерден кейін ", "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына " деген сөздермен толықтырылсын; 

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесінде:
      кіріспеде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздерден кейін ", "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) кастодиандық шарт - клиенттің активтерін сақтау және есебін жүргізу жауапкершілігі туралы кастодиан мен оның клиенті арасында жасалатын шарт;
      2) кастодиан - бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебiн алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;
      3) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына табыс ететiн құжат;
      4) iшкi құжаттар - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң, оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң), қызметкерлерiнiң қызмет жағдайлары мен тәртiбiн, қызмет көрсетуiн және оларға ақы төлеу тәртiбiн реттейтiн құжаттар;
      5) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.";

      4-тармақта, 7-тармақтың 3) тармақшасында, 16-тармақта "регламентіне", "регламенттің" деген сөздер тиісінше "ішкі құжаттарына", "ішкі құжаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      6-тармақта: 
      1) тармақшада "эмиссиялық бағалы қағаздарына және өзге де қаржы құралдарына" деген сөздер "бағалы қағаздарына және өзге де активтеріне" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) тармақшада "эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының" деген сөздер "бағалы қағаздардың және өзге де активтердің" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) тармақшада "эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен" деген сөздер "бағалы қағаздармен және өзге де активтермен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      8)-тармақшада "бағалы қағаздары мен ақшасына", "бағалы қағаздары мен ақшасын" деген сөздер тиісінше "активтеріне", "активтерін" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      9) тармақшада "ақшасының" деген сөз "өзге де активтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақшада: 
      "бағалы қағаздарымен" деген сөздер "активтермен" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      "зейнетақы активтерін" деген сөздерден кейін "және инвестициялық қорлардың активтерін" деген сөздермен толықтырылсын; 

      10-тармақта "ақша мен бағалы қағаздарды" деген сөздер "активтерді" деген сөзбен ауыстырылсын; 

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Клиенттің активтерін сақтау және есеп жүргізу жөніндегі кастодианның жауапкершілігі оларды клиенттің кастодиандағы жеке шотына нақты өткізген кезінен басталады."; 

      18-тармақта "байланыстың" деген сөздің алдында "кастодиан шартында айқындалған" деген сөздермен толықтырылсын; 

      19-тармақта "бағалы қағаздары мен ақшасы" деген сөздер "активтері" деген сөзбен ауыстырылсын; 

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "20. Клиенттердің активтерімен операциялардың есебін жүргізу, сондай-ақ олар бойынша кірістер алу және бөлу кастодианның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады."; 

      21-тармақта "Ақшасы мен бағалы қағаздарын" деген сөздер "активтерін" деген сөзбен, "бағалы қағаздары мен ақшасының" деген сөздер "активтерінің" деген сөзбен ауыстырылсын; 

      23-тармақ алынып тасталсын; 

      24-тармақта "зейнетақы жинақ ақшасының," деген сөздерден кейін "инвестициялық қор активтерінің," деген сөздермен толықтырылсын. 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.): 
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, кастодиан-банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне жіберсін. 

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға