Тіркелген N 2647 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына N 8 толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 22 қарашадағы N 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылда 23 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3216. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      60. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 22 қарашадағы N 158 (тіркелген N 3216) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2647" бұйрығына N 8 толықтыру енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 3 сәуірдегі N 54 - тіркелген N 2806; 2004 жылғы 25 мамырдағы N 77 - тіркелген N 2884; 2004 жылғы 2 шілдедегі N 98 - тіркелген  N 2932; 2004 жылғы 19 шілдедегі N 104 - тіркелген N 2991; 2004 жылғы 2 тамыздағы N 144 - тіркелген N 3024; 2004 жылғы 26 қазандағы N 151 - тіркелген N 3180 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 2647) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобында "Мәдениет саласындағы қызмет" деген 01 кіші функция мынадай мазмұндағы 004 бағдарламасы бар 101 әкімшімен толықтырылсын:
      "101 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
      004 Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау".
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр