"Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестациялаудан өтуге тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар) тiзiмдемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиаци

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 14 қазандағы N 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3192. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 442 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 10 наурыздағы N 298-11 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Арнайы әскерлерiне арналған штат санының лимитi шегiнде 12 бiрлiк штат санымен Қазақстан Республикаcы Қорғаныс министрлiгiнiң "Щучинск аудандық пайдалану бөлiмi" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - мемлекеттік мекеме) құрылсын.

      2. Мемлекеттік мекеменi қаржыландыру әкімшісi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi болып табылатын бағдарламалар бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) мемлекеттік мекеменiң жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшінe енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі