Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 838 болып тіркелген, 1

Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссия Төрайымының 2004 жылғы 11 қазандағы N 144/210 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылда 2 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3182. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 11.09.2020 № 21/323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 12-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 838 болып тіркелген) 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспеде:

      "Конституциялық заңның 12-бабы 1-тармағының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 12-бабы " деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Заңның 2-бабының үшінші бөлігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3 тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеудің, көрсетілген қаулымен бекітілген, Ережелерінде:

      бірінші абзацта "Конституциялық заңның 12-бабы 1-тармағының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 12-бабы " деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Заңға" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына " деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Орталық сайлау комиссиясының


Төрайымы