N 1985 болып тіркелген "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін дайындау, ресімдеу және келісу жөніндегі нұсқаулықты (заңдық техника) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектег

Қазақтан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 291 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3153. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі N 256 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі   N 256   бұйрығымен .
----------------------------------

      Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормашығармашылық қызметін жетілдіру мақсатында Бұйырамын:
      1. "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін дайындау, ресімдеу және келісу жөніндегі нұсқаулықты (заңдық техника) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 142  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1985 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені, 2002 ж., N 41-42, 719-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін дайындау, ресімдеу және келісу жөніндегі нұсқаулықта (заңдық техника):
      1) 8-тармақтың екінші абзацында "тарауларға" деген сөзден кейін ", ал тараулар, өз кезегінде нормативтік құқықтық актінің бөлігіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақтың бірінші абзацында "бөлімшелері" деген сөзден кейін ", бөліктері" деген сөзбен толықтырылсын;

      16-тармақта "түріне" деген сөз "нысанына" деген сөзбен ауыстырылсын, "оны қабылдаған органға," және ", актінің мемлекеттік тіркеу нөміріне" деген сөздер алынып тасталсын;

      17-тармақтың үшінші абзацында екінші сөйлем алынып тасталсын;

      18-тармақта "оның бөлімінің" деген сөздер "бөлімінің, бөлігінің," деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақшамен толықтырылсын:
      "18-1. Тараулардың, бөлімдердің, бөліктердің, параграфтар мен бөлімшелердің тақырыптары алдыңғы мәтіннен екі, ал кейінгі мәтіннен - бір жоларалық интервалдармен бөлінеді.";

      22-тармақтың екінші абзацында "не" деген жалғаулық "және" деген жалғаулықпен ауыстырылсын;

      23-тармақтың екінші абзацында "ұйымдардың атауларын қысқартуға жол беріледі" деген сөздер "мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың атауларын қысқартуға жол беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24-тармақта:
      бірінші абзацта "тақырыптан," деген сөзден кейін "тараулардың, бөлімдердің, бөліктердің, параграфтардың, бөлімшелердің атауларынан, "БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ", "БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ (ШЕШІМ)", "ҚАУЛЫ және БҰЙРЫҚ (ШЕШІМ)" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацта "жеке жолға" деген сөз алынып тасталсын;

      29-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Егер нормативтік құқықтық актінің мәтінінде нормативтік құқықтық актіге сілтеме болған жағдайда, оның нысаны, қабылдау күні, тіркеу нөмірі, атауы көрсетіледі. Әділет органдарында тіркелген нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасалған кезде, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі (көрсетілген кезектілікпен) қосымша көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
      "35-1. Бірнеше мемлекеттік органдар қабылдайтын нормативтік құқықтық актілер ресми бланкілердің қолданылуынсыз бірлескен актілер түрінде ресімделеді.
      Осы актілер осы Нұсқаулықтың 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
      Екі және одан да көп тең мемлекеттік органдар әзірлеген бірлескен актіні ресімдеу кезінде, осы органдардың ресми атаулары алфавиттік тәртіппен орналасады. Екі және одан да көп әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар әзірлеген бірлескен актіні ресімдеу кезінде, ресми атаулар сатылық азаюына сәйкес орналасады.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы осы жағдайда, бірінші парақтың үстіңгі бөлігінің ортасында орналасуға тиіс. Қабылдау орны мен күні, сондай-ақ тіркеу нөмірі әр мемлекеттік органның ресми атауының астына орналастырылуға тиіс.
      Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, не олардың міндеттерін атқарушы адамдардың қолдары негізгі нормативтік құқықтық акті мәтінінің соңына, осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген талаптарды ескере отырып, орналастырылады және елтаңбалық мөрмен куәландырылады.
      Нормативтік құқықтық актіні екі немесе одан да көп мемлекеттік орган қабылдаған жағдайда, шешімі қаулылар түрінде ресімделсе, онда актінің нысаны "БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ" деп көрсетіледі.
      Екі немесе одан да көп мемлекеттік орган қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің шешімдері бұйрықтар (шешімдер) түрінде ресімделсе, онда актінің нысаны: "БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ (ШЕШІМ)" деп көрсетіледі.
      Егер нормативтік құқықтық актіні біреуінің шешімі қаулы ретінде, ал екіншісінің шешімі бұйрық (шешім) ретінде ресімделетін екі немесе одан да көп мемлекеттік орган қабылдаса, онда актінің нысаны: "ҚАУЛЫ және БҰЙРЫҚ (ШЕШІМ)" деп көрсетіледі.";

      36-тармақта "актілер" деген сөзден кейін "осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес нысан бойынша негіздеме-анықтаманы қоса бере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "41. Нормативтік құқықтық актіге немесе оның құрылымдық бөлігіне осындай мәтін мазмұнының жартысынан асатын көлемде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезінде, оның жаңа редакциясы қабылданады.";

      42-тармақ алынып тасталсын;

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "43. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге құрылымдық қосымша бөліктерді қосу кезінде олар: 8-1) тармақша, 2-1-тармақ, 4-1-тарау және одан әрі актінің құрылымдық бөлігінің нөмірлерін қайталайтын қосымша нөмірлер ретінде қосылады.
      Егер тармақшаларының нөмірлері соңғы, ал нормативтік құқықтық акті тармақтары мен тарауларының нөмірлері аяқтаушы нөмірлер болып табылса, онда қосымша қосылатын құрылымдық бөліктерге келесі нөмірлер беріледі.";

      45-тармақта:
      екінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қажет болғанда, мұндай нормативтік құқықтық актілер жойылуы мүмкін.";
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде нормативтік құқықтық актілердің барлығының не осы актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген олардың бөліктерінің бір уақытта күші жойылды деп танылады.";

      46-тармақтың бірінші абзацында "сақталады" деген сөзден кейін "және бұдан әрі қолданылмайды" деген сөздермен толықтырылсын;

      51-тармақтың бірінші абзацы алынып тасталсын;

      63-тармақта:
      бірінші абзацта "қабылдау күніне, нөмірі мен атауына" деген сөздер "нысанына, бекітілу күніне, тіркеу нөміріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта "қабылдау күні, нөмірі мен атауы" деген сөздер "нысаны, бекітілу күні, тіркеу нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта "мәтінінде" деген сөздің алдынан "негізгі" деген сөзбен толықтырылсын;

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "65. Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу олардың құзыретіне сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте нормативтік құқықтық актіні келісудегі мүдделілік қаралатын мәселелердің мәніне негізделе отырып, белгіленеді.";

      71-тармақта "Қаржы министрлігімен" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      72-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацтармен жазылсын:
      "Бұрыштама орган басшысының немесе оның орынбасары лауазымының атауын, қол қоюшының жеке қолын, ажыратып жазылған қолын, күні мен елтаңбалық мөрді қамтиды.
      Келісу грифі нормативтік құқықтық актінің негізгі түрінің соңғы бетінде сол жақ астыңғы бұрышына орналасады және "КЕЛІСІЛДІ" деген сөзден тұрады.
      Нормативтік құқықтық актіні екі немесе одан да көп мемлекеттік орган келіскен жағдайда, келісу грифтері әліпбилік тәртіппен орналасады. Нормативтік құқықтық актілерді әр түрлі деңгейдегі бірнеше мемлекеттік органдар келіскен жағдайда, келісу грифтері осы органдардың сатылық азаюына сәйкес орналасады.";

      2) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

                               "N 1985 болып тіркелген "Орталық 
                                  және жергілікті мемлекеттік    
                                органдардың нормативтік құқықтық  
                                актілерін дайындау, ресімдеу және 
                                   келісу жөніндегі нұсқаулықты    
                                 (заңдық техника) бекіту туралы"  
                                  Қазақстан Республикасы Әділет
                                     министрінің 2002 жылғы
                                 25 қыркүйектегі N 142 бұйрығына  
                                  өзгерістер мен толықтырулар
                                    енгізу туралы" Қазақстан      
                                 Республикасы Әділет министрінің  
                                  2004 жылғы 12 қазандағы N 291   
                                         бұйрығына қосымша         

                                   Қазақстан Республикасы
                                     Әділет министрінің 
                                 2002 жылғы 25 қыркүйектегі
                                 N 142 бұйрығымен бекітілген
                                   Орталық және жергілікті  
                             мемлекеттік органдардың нормативтік 
                                  құқықтық актілерін дайындау,    
                                 ресімдеу және келісу жөніндегі   
                                  нұсқаулыққа (заңдық техника)
                                           қосымша 

       Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама
     (нысаны, бекітілу күні, тіркеу нөмірі және толық атауы)

__________________________________________________________________
 N |    Жобада көрсетілуі тиіс     | Мемлекеттік органның ақпараты
   |    Мәліметтердің тізбесі      |
__________________________________________________________________
1. Нормативтік құқықтық актінің
   атауы

2. Нормативтік құқықтық актіні
   нормативтік құқықтық актінің
   тиісті нормасына сүйене отырып,
   қабылдау қажеттілігі
   (органның құзыреті)

3. Нормативтік құқықтық актіні
   қабылдау қажеттілігінің негізі
   (нақты мақсаттары, себептері
   және акт неге байланысты
   қабылданды)

4. Осы мәселе бойынша бұрын
   қабылданған нормативтік
   құқықтық актілер және нормативтік
   құқықтық актінің қабылдауға
   байланысты олардың өзгергені
   немесе күші жойылды деп танылғаны
   туралы мәліметтер

5. Осы мәселе бойынша бұрын
   қабылданған, оларды мемлекеттік
   тіркеуден бас тартылған
   нормативтік құқықтық актілер
   туралы мәліметтер

6. Осы нормативтік құқықтық акт
   мемлекеттік (республикалық,
   жергілікті) бюджет кірісінің
   азаюын немесе шығысының
   көбеюін көздейме      

7. Нормативтік құқықтық актіні
   мүдделі мемлекеттік
   органдармен келісу
   қажеттілігі
__________________________________________________________________

      Мемлекеттік орган заң
      қызметінің бастығы
      (заңгерконсульт)
      (мемлекеттік органның басшысы) _____________________________