Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізіліміне (нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 186-б бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3139. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпараттындыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 27 шілдедегі N 330 Бұйрығымен.

      Құрылыстың аяқталуына байланысты және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желiсiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамынан мынадай автомобиль жолдары учаскелерi коммуналдық меншiкке берiлсiн:
      1) жалпы ұзақтығы 7 км Түркiстан қаласының шекарасы шегiндегi ұзақтығы 4 км "М-32 РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы" және ұзақтығы 3 км "P-31 Кентау - Түркiстан - Арыстанбаб - Шәуiлдiр - Төрткөл" құрамынан;
      2) Қызылорда гидроторабы арқылы ұзақтығы 7 км "M-32 РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы" құрамынан;
      3) ұзақтығы 12 км "Р-5 Көктоғай а. кiреберiс";
      4) ұзақтығы 19 км "Р-41 Орал қаласының айналма жолы".

      2. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамына мыналар енгізiлсiн:
      ұзақтығы 4 км Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенi арқылы өтетiн және ұзақтығы 16 км Орал қаласының маңындағы Жайық өзенi арқылы өтетiн "М-32 РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары арқылы" кiреберiстерiмен көпiр өткелдер;
      Көкшетау қаласының шекарасы шегiндегі ұзақтығы 9 километр "A-1 Астана - Петропавл, Көкшетау қаласы арқылы" және ұзақтығы 7 километр "A-13 Көкшетау - Кішкенекөл - Бидайық - РФ шекарасы (Омбы қаласына)" автомобиль жолдары учаскелерi.

      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп жоғарыда көрсетілген автомобиль жолдары учаскелерiн қабылдау-тапсыру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі