Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 31 тамыздағы N 131/167 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3059

      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 23.12.2015 № 45/78 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына50-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 23.12.2015 № 45/78 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелері бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 23.12.2015 № 45/78 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулыны басшылыққа алу үшін облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрайымы

Қазақстан Республикасы Орталық     
сайлау комиссиясының           
2004 жылғы 31 тамыздағы         
N 131/167 қаулысымен бекітілген    

      Ескерту. Жоғары оң бұрышқа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 23.12.2015 № 45/78 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелері

      Ескерту. Ереженің атауы жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 23.12.2015 № 45/78 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге, осы учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері болуы мүмкін, мамандарға рұқсат беріледі.
      2. Электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандарды дайындауды және оқытуды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы тиісті шарт жасаған ұйым жүргізеді.
      3. Электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандыққа кандидат мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына жауап беруі тиіс:
      1) дербес компьютермен жұмыс машығы;
      2) Microsoft Office (Word, Excel) пакетімен жұмыс тәжірибесі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 23.12.2015 № 45/78 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Сайлау учаскесінің электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандарды оқыту тақырыптарының бағдарламасын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрайымы бекітеді.
      5. Оқыту аяқталған соң электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге рұқсат беру жөнінде маманды бағалау үшін сынақ өткізіледі.
      6. Сайлау учаскесінің электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсететін мамандарды сынақтан өткізуге арналған сұрақтардың тізімін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы әзірлейді.
      7. Оқытатын ұйым берген табысты дайындау және оқыту курсы туралы құжаттың негізінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары маманға электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.