Сайлау алдындағы үгiттi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы iске асырудың және Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлауды ақпараттық қамтамасыз етудiң Ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 11 тамыздағы N 124/158 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3016. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 90/178 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Парламенті Үйi жанындағы асхана" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының асханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi тиiстi жабдықтау функцияларын ұйымдастыру және орындау болып белгіленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы (келiсiм бойынша):
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның Жарғысын бекiтуге ұсынсын және оны әділет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы