Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2644 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 445 қаулысымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін құру,

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі Басқарамасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 207 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 16 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3014. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 (V064176) қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34   қаулысымен .
______________________________

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы"  Қазақстан Республикасы Заңының  40-бабына , сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы А.А. Тлеубердинде болған кеңестің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 13-7/3399 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
       1. Құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, жалғыз құрылтайшысы және/немесе қатысушысы (акционері) Қазақстан Республикасының Үкіметі не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы мемлекет болып табылатын заңды тұлға арқылы мемлекет болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың лицензияны алу тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасының заң актісі қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 445  қаулысымен  бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін құру, лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесінің 6-тармағының қолданылуы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2644 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 26 (274) басылымдарында 2003 жылғы 15-31 желтоқсанда жарияланған) тоқтата тұрылсын.
      2. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жіберсін.
      3. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ. Досмұқаметовке жүктелсін.

       Төраға

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі Төрағасы 
      _________________________
      12 шілде 2004 жыл
      (қолы, күні, елтаңбалы мөр)