Туберкулезге қарсы санаторийларда санаторийлық-курорттық емдеуді жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 28 маусымдағы N 510 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2965. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Дельта Плюс" ғылыми-техникалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды (сайлау учаскелері үшін "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мамандандырылған жабдығы) беруші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына заңнамада белгіленген тәртіппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      жасалатын шартты 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 002 "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде қаржыландыруды;
      қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін осыған қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі