N 2383 тіркелген "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 29 мамырдағы N 354 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енг

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 520 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 5 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2929. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 161 Бұйрығымен

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Философия және саясаттану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2004-2005 жылдарға арналған ішкі саясат саласындағы процестерге іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар қызметтер көрсетуді беруші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жасалуын;
      қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиімді жұмсалуы қағидатының сақталуын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі