Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының "Сапа саласында конкурстар өткізудің кейбір ережелерін бекіту" туралы N 1526-мен тіркелген 2001 жылғы 2 мамырдағы N 128 бұ

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 328 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2919. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 432 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсін:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      реттiк нөмiрi 39-жолдың 3-бағанында:
      "ақпарат қорғаудың техникалық құралдарын, ақпарат өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын әзiрлеудi, дайындауды, монтаждауды, реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және оларға сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын техникалық қорғау жөнiндегi қызметтің барлық түрi" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 47-жолмен толықтырылсын:
"47. Қазақстан         ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын,
Республикасы           ақпаратты өңдеудiң  қорғалған техникалық
Премьер-Министрiнің    құралдарын жасауды, дайындауды, монтаждауды,
Кеңсесi                реттеудi, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi
                       және оларға сервистік қызмет көрсетудi қоса
                       алғанда, Қазақстан Республикасының
                       мемлекеттiк құпияларын техникалық қорғау
                       жөніндегі қызметтің барлық түрлері".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі