Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 9 маусымдағы N 06-2-2/197 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2903. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдинет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығымен

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының  32-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар салада қызметiн жүзеге асыратын "Қызылорда электр тарату желiсi компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамның мәжбүрлеп шығарылған билiк етуi шектеулi жарияланған акцияларын (бұдан әрi - акциялар) оларды мемлекет меншiгiне мәжбүрлеп алып қою арқылы Қоғамның салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiн өтеу есебiне орналастырсын;
      2) Қоғам акцияларын ұстаушылар тiзiлiмiндегi акцияларға мемлекеттiк меншiк құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi