N 1723 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалау мен күзетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 154 б

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 155 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2879. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің міндетін атқарушы 2011.05.24 № 194 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) бұйрығымен.

      Қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мақсатында, бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 146 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімінде N 1718 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 7-8, 543-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықта:
      10-тармақтың 5) тармақшасындағы "және тергеу мекемесінде бақылау мен заң сақтауды жүргізетін облыстық прокурорға хабарлайды" деген сөздер алынып тасталсын;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) арнайы құралдар қолданудың әрбір фактісі туралы ТМ-нің бастығы ТМ-де заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі прокурорға хабарлайды.".
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы
      Бас прокурорының
      бірінші орынбасары
      __________________
         (өз қолы)

      2004 жылғы 27 мамыр