Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2465 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 250 қаулысына толықтыру енгіз

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 118 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2855. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 325 (V043334) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 349-қосымшада :
      2-тармақ ", Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 534, 537-541-баптары" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ ", қылмыстық қудалау саласында алынған халықаралық мiндеттемелердi жедел орындау және қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ ", шетелде ұсталған Қазақстан Республикасының азаматтарын экстрадициялау саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ кестесi реттiк нөмiрi 2-жолының 5-бағаны ", арнайы экстрадициялық топтарды жiберу және анықталған әрi ұсталған қылмыскерлердi әлемнiң әр түрлi елдерiнен Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселелерiн жедел шешудi қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ ", қылмыстарды ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапкершiлiкке тарту, қылмыстық iс-әрекет жасағаны үшiн жазаның бұлтартпастығы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі