Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу тәртібін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. "Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 259
бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 2614 тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақ "байланысты" деген сөзден кейін "сондай-ақ жекеше нотариустың қосымша бірлігін бекіткен жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақтағы "бір ай" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтағы "45" деген сан "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет вице-Министрі
С.Н.Баймағанбетовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр