Ескерту: Бұйрықтың атауына, кіріспесіне өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 84 қаулысымен .
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 36-бабының 1-2-тармақтарына және 52-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының және қатысушылары Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың акцияларымен жасалатын мәмілелерді тіркеу осы мәмілені жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 36-бабының 1-2-тармақтарымен және 52-бабының 1-3-тармақтарымен бекітілген талаптарының бұзылмайтындығына куәлік ететін құжаттың болуы кезінде мәмілеге қатысушылардың екі қарама-қарсы бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 84 қаулысымен .
2. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 84 қаулысымен .
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күн мерзім ішінде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізуге құқылы брокер-дилерлерге, заңды тұлғалардың "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" бірлестігіне жіберсін.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға | |