N 771 тіркелген "Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру төлемдерін қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағид

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 9 ақпандағы N 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2716. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2005 жылғы 12 наурыздағы N 78 Бұйрығымен (V053497)

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2009.08.03 № 297 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы N 1900 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 44-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектердi сауықтыру бағдарламасы туралы" қаулысына сәйкес облыс бюджетiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 
      1. Қостанай облысы әкімиятының қаулысы 2002 жылғы 20 ақпандағы N 47 "Мүгедектердің жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы" қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1339, "Қостанай таңы" 2002 жылдың 23 сәуірі N 32, "Костанайские новости" 2002 жылдың 24 сәуірі N 61) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
       2 тармақтың 2)-тармақшасы төмендегідей редакцияда берілсін:
      "зейнетақы алатын жасқа жетпеген 2, 3 топтағы мүгедектер";
       5 тармақтың 1)-тармақшасында "зейнетақы мөлшері туралы анықтама" деген сөздер "зейнетақы куәлігінің көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындауына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға жүктелсін.

      Облыс әкімі                                С. Кулагин